Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
құрылғылардың қолданылуына, сонымен қатар жоғары сапалы жөнделуіне бақылауды кәсінорынның бас механигі жүзеге асырады. Әрбір өндірістік цехта желдететін қүрылғылардың бапталуы туралы мәліметтер енгізілетін журнал, ал әрбір құрылғы үшін - паспорт арналады. Желдету құрылғыларын монтаждайтын және пайдаланатын жүмыскерлерге қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша тиісті нұсқау алғаннан кейін ғана жұмыс істеуге рүқсат етіледі. Желдету құрылғыларының қозғалтқыш белдіктерін, дәнекер жалғастырғыштарын және басқа да қозғалатын бөліктерін торлармен немесе қаптамалармен қоршау қажет. Құрылғылар орнатылған алаңдар қоршалуы тиіс. Бөгде адамдарға камераға кіруге қатаң тыйым салынады. Цех немесе өндіріс бойынша бұйрық арқылы желдету қүрылғыларын сөндіруге немесе қосуға қүқығы бар адамдар тағайындалады. Ауа өткізгіштерді еденнен 1,8 м кем емес биіктікте орнату қажет. Электр қозғалтқыштарды толық тоқтатпай жөндеуге және тазалауға болмайды. Электр қозғалткыштардың жылжыма бөлшектері жерге орнатылады. Тасымалданатын жарык түсіргііл құралдардың кернеуі 36 В аспау керек. Желдеткішті немесе электр қозғалтқышты орнатылган жерінде тазалау және жөндеу алдьшда электр қозғалтқыш кенеттен іске қосылыгі кетпеу үшін балқығыш сақтандырғыштарды шығарып алу керек. Желдету камерасының кіре берісінде қауіпсіздік техникасы жоніндегі плакаттарды іліп қойған жөн. Жылыту. Негізгі өндірістердің ондірістік үйлерінің жылытылуы ауаны желдету және кондиционерлеу жүйелерімен қатар жүргізілу керек. Алайда температуралық-ылғалдық режимді бүзбау үшін (сырттай қоршаулар бар болған жағдайда) әдетте терезелердің астына қойылатын қыздыру құралдарымен жабдықталтан жылыту жүйесі орнатылады. Сонымен қатар жылыту жүйесі жұмыстан бос уақытта қажетті температураны (кезекші жылуды) ұстап тұру үшін қажет. Жылытылатын өндірістік бөлмелерде жұмыстан бос уакытта суық және ауыспалы жыл мезгілдерінде температура нормаланбайды. Түрмыстық және комекші бөлмелердің жылыту жүйесін жобалау кезінде СНжЕ 2.04.05-91 «Жылыту, желдету және кондиционерлеу» стандйрттарына сүйену керек. Жылуы шектен асқан бояу-өңдеу цехтарында қыздыратын қүралдарды емес, ауасы ағып келетін желдеткіштермен қатар қолданылатын кезекші жылыту жүйесін орнату қажет. Жылу балансы теріс таңбалы үйлерде қыздыру қүралдары (радиаторлар немесе болат қүбырларынан жасалған регистрлар) орнатылу керек. Көмекші және түрмыстық бөлмелерді жылыту, сондай-ақ өндірістік үйлсрді кезекші жылыту үшін орталықтандырылған жылу жүйелері 187
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==