Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Кәсіпорындарда сүзгіштердің мынадай түрлері қолданылады: май сүзгіштер, электр сүзгіштер, талшықты сүзгііптер және т.б. Кондиционерлер берілген температура мен ылғалдықты құруға және ұстап тұруға арналған. Кондиционерлер мынадай элементтерден қүралады: ауа сүзгіштері; ауа қыздырғыштар; ауаны салқындатуға, кептіруге және ылғалдатуға арналған қүрылғылар; өнімділікті реттеу механизмдерімен жабдықталған желдету қүрылғылары; шуыл басуға, ауаны дірілдік оқшаулауға және таратуға арналған қүрылғылар, сондай- ақ бөлмеге жіберілетін және қайта айналатын ауаның қажетті өнделуіне қарай басқа да элементтерден. Кондиционерлер автоматты реттеу, қашықтықтан басқару, бақылау және дабыл қағу құралдарымен жабдықталады. Қажетті секциялар жиынтықтары өндірушілермен бірге жеткізіледі. Бүл жағдайда ауаны кондиционерлеу жүйесін монтаждауға аз уақыт жүмсалады. Бөлмелерінің көлемдерінің себебінен кондиционерлерді монтаждауға мүмкіндігі жоқ кәсіпорындарда жай желдету камералары орнатылады. Бүл жағдайда ондірушілер тапсырыс беруші кәсіпорындардың сызбаларына сәйкес желдету камераларына арналған желдету күрылғыларын және басқа да құрал - жабдықтарды (калориферлер, сепараторлар) жеткізіп отырады. Ауаны желдету және кондиционерлеу жүйелері СНжЕ 2.04.05-91 «Жылыту, желдету және кондиционерлеу» стандарттарына сәйкес сынақтан откізілуі, реттелуі және қабылдануы тиіс. Желдету жүйелері мен кондиционерлеу құрылғыларын 7 сағат бойы дұрыс және үздіксіз жұмыс істегеннен кейін ғана пайдалануға рүқсат етіледі. Желдету жүйелері жұмыс істеген кезде пайда болатын шуылды азайту үшін: - желдеткіштер мен электр козғалтқыштар орнатылған бөлмелерді шуылдан оқшаулау; - желдететін қүрал-жабдықтарды монтаждау кезінде желдеткіштің немесе электр қозғалтқыш роторының жұмысшы дөңгелегін теңестіру; - тегершіктердің немесе дәнекер жалғастырғыштардың соғуын, сүйір белдікті және жалпақ белдікті берілістердің қисықтықтарын жою; - желдеткіштер мен электр қозғалтқыштарды діріл окшаулайтын негіздерге орнату; - желдеткіш қаптамасының шығыс және кіріс саңылауларын ауа өткізгіштермен иілгіш кірістірмелер арқылы қосу қажет. Желдететін қүрал - жабдықтарды қауіпсіз пайдалану \'шін бірқатар шаралар қолданылады. Желдететін құрал - жабдықтардың жалпы жағдайы үшін кәсіпорынның бас инженер! жауапты. Желдететін құрылғыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік үшін жауапкершілік сол қүрылғылар жүмыс істейтін ондірістік цехтардың бастықтарына жүктеледі. Желдететін 186

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==