Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

санитария ережелері өндірістік және көмекші бөлмелердің температуралық - ылғалдық жағдайларының шектерін белгілейді. Бояу - өндеу өндірістерінің бөлмелерінде механикалық жолмен қозгалатын және жылдың жылы мезгілінде аэрация қолданылатын ағызғыш - сорғыіп желдеткіштерін орнату қажет. Зиянды газдар немесе булар шығатын бөлмелердегі ауа олардың қоюлығының шекті мөлшерінеи аспайтындай алмасуы тиіс. Кәсіпорындарда қолданылатын желдету құрылғылары оздерінің міндеттеріне қарай: ағызғыш, сорғыш және ағызғыш - сорғыш болып белінеді. Желдету құрылғыларына ауа бүркеулері де жатады. Бөлмелерге жіберілетін, сондай - ақ олардан шығарылатын ауаның қозғалуы үшін екі түрлі желдеткіштер қолданылады: осьтік және сыртқа тебуші. Қозғалатын ортаның құрамына қарай желдеткіштер жай, коррозияға қарсы және жарылу қауіпі жоқ желдеткіштер болып бөлінеді. Желдеткіштер нөмірлері бойынша да жіктеледі. Сонымен қатар құрамындағы шаңның мөлшері 150 мг/м 3 құрайтын ауаны қозғалтуға арналган шаң желдеткіштері қолданылады. Желдеткіштердің жүмыс істеген кезде төзімді және тұрақты болу керек. Олардын қызмет ету мерзімі 10 жылдан кем болмауы тиіс. Желдеткіштер №10 дейін жүмыс істеген жағдайда шығатын шуылдың деңгейі (желдеткіштен 1 метр қашықтықта влшеген жағдайда) 90 дБ аспау керек. Желдеткіштер кәсіпорындарға дірілдік оқшаулағыштармен, жетектермен және реттеу құрылғыларымен жабдықталған ортақ іргетастық жиектемелері бар электр қозғалтқыштармен бірге жеткізіледі. Бөлмеге жіберілетін ауаны қыздыру және кептіру үшін пластиналық, спиральдік - оралатын және дөңгелек қырлы калориферлер колданылады. Әр түрлі калориферлердін, қыздыру элементтерінің 1 м 2 -інің салмағы 3,5 кг аспау керек. Жылуы шектен артатын өндірістік ғимараттардың (бояу - өңдеу өндірістері) төбесІнің ең биік бөлігінде табиғи жолмен желдетуге арналған сорғыш фонарьлар орнатылады. Олар үлестік жылу шығару 12,56x1 0 4 Дж/(м 3 ж) және одан жоғары болған жағдайда қолданылу керек. Шаңсыздандыратын құрал - жабдықтар шаң үстағыштар мен сүзгіштерге бөлінеді. Қүрғақ шаң ұстағыштар герметикалық бекітпелермен және ұсталған материалдардың тасымалдануын жеңілдететін қүрылғылармен жабдықталған сыйымды бункерлермен жабдықталу керек. Түк салғыш машиналардан қыліпықтарды ұстап және жинап алу үшін көлемі өте үлкен арнайы камералар қолданылады. Әдетте демалыс немесе жүмыс істемейтін күндері камераларды тазалайды; жиналған қылшықтарды бумаларға нығыздап кәсіпорыннан шығарып тастайды. Ағып кіретін және қайта айналатын ауаны тазалауға арналған сүзгіштер үяшықтар түрінде жасалады. Сондықтан да өнімділігі әр турлі сүзгіштерді монтаждауға мүмкіндік бар. 185

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==