Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Белсенділік жоғары (1 мкюриден жоғары) болған жағдайда сәулелері бар қүрылғылар бөлек бөлмелерде орналасу ксрек, және оларды дистанциялық аппаратурамен басқарған жөн. Электрстатикалық зарядтарды азайтуға арналған құралдарда оте әлсіз сәуле көздері қолданылады, дегенмен де, жұмысшыларға үйреткең ксзде осы құралдар орнагылған машиналарды қауіпсіз баптау шараларына көңіл бөлу қажет. Қауіпсіз шараларға жұмысшылардың осы құралдармен тікелей жанасуының алдын алу, сондай-ақ жеке гигиена ережелерін сақтау жатады. Радиоактивті заттектермен байланысты жүмыстарга арналған жалпы санитариялық талаптар радиоактивті заттектермен және басқа да иондайтын сәулелср көздерімен жұмыс істеу ережелерінде және негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарда карастырылған. Аталған нормативтік - құқықтық құжаттар радиоактивті заттектер мен басқа да иондайтын сәулелер көздері қолданылатын жұмысқа арналган кәсіпорындардың, мекемелердің және зертханалардың орналасуына талаптарын қояды. Сонымен қатар радиоактивті заттектерді алу, есептеу және сақтау бойынша негізгі талаптар қарастырылған. 8.4 Текстиль және жеціл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы желдетуге, жылытуға және жарықтандыруға қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар Текстиль және жеңіл онеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік үйлеріндегі негізгі зияндылықтар мыналар болып табылады: электр қозғалтқыштардан, жарық түсіру жүйелерінен, адамдардан, жазғы маусымда - күн радиациясынан шығатын жылу; бояу - өңдеу цехтарындағы технологиялық бу; негізгі технологиялық цехтардан шығатын шаң. Кәсіпорындарың өндірістік және комекші болмелерінде желдету, жарық түсіру және жылыту жүйелері қолайлы санитариялық- гигиеналық жағдайлардың жасалуы ескеріле отырып орнатылады. Желдету қурылгылары. Бөлмелерде технологиялық өндіріс талаптарына, «Өндірістік бөлмелердің ауасына қойылатын СЭТ» (ҚР денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 14 шілдедегі №355 бұйрығымен) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және 12.1.005-88 ЕҚСЖ «Жүмыс аймағының ауасына қойылатын жалны санитариялық-гигиеналық талаптар» қауіпті және зиянды өндірістік факторлар түрлері бойынша талаптар мен нормалар стандартына сай келетін қажетті температуралық-ылғалдық режимін қүру үшін желдету және ауаны кондиционерлеу жүйелері қарастырылган. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жобалаудың санитариялық нормалары, текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына арналған техникалық пайдалану мең, қауіпсіздік техникасы және өндірістік 184

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==