Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Радиоактивті заттектермен және иондайтын сәулелер көздерімен жүмыс істеудің санитариялық-эпидемиологиялық талаптары мен ережелерінде ашық су айдындары мен сумев қамту көздсріндегі, жүмыс бөлмелерінің ауасындағы, санитариялық-қорғау аймақтарының атмосфералық ауасындағы және елді мекендердің атмосфералық ауасындағы радиоактивті заттектердің рұқсат етілген қоюлық шектері қарастырылған. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау агенттігінің 1999 жылғы 24 мамырындағы №278 «Зиянды, қауіпті және қолайсыз факторлардың әсеріне шалдыққан жұмыскерлерді алдын - ала және мерзім сайын міндетті медициналық тексеруден өткізу және кәсіби жарамдылығын анықтау тәртібі туралы» Бүйрыгына сәйкес, радиоактивті заттектер мен иондайтын сәулелер көздерін пайдаланумен байланысты жұмысқа орналасатын барлық адамдар алдын ала медициналық тексеруден өтуі тиіс. Сонымен қатар, бүл адамдар мерзім сайын медициналық байқаудан өтеді. Жасы 18-ге жетпеген адамдар радиоактивті заттектермен және иондайтын сәулелер көздерімен байланысты жұмысқа алынбайды. Жүкті әйелдер аталған жұмыстардан жүктілік мерзімі аяқталғанға дейін, ал ашық радиоактивті заттектермен жұмыс істейтін болса — баланы емізу мерзімінің соңына дейін босатылады. Радиоактивті заттектермен және иондайтын сәулелермен жұмыс істейтіндердің барлығьіна қауіпсіз жүмыс істеу әдістері, қорғану құралдарының құрылысы және оларды пайдалану ережелері үйретіледі және олардың білімдері тиісті тәртіппен тексеріледі. Жұмыскерлердің білімдері ең болмағанда әрбір алты ай сайын тексеріліп отырады. Жұмыскерлердің жеке гигиена және арнайы киім (алжапқыштар, қолғаптар, халаттар, бас киімдер, орамалдар және т.б.) мен қорғану құрылғыларын дұрыс пайдалану ережелерін сақтауының маңызы зор. Ол ережелерде бақылау-өлпіеу қүралдары мен аппараттарында тек қана жабық соуле көздерін пайдалануға рұқсат етілетіні қарастырылған. Сәуле көздері қолданылатын қүралдар мен аппаратгардың күйін және қауіпсіз пайдалану бойынша әрекеттегі нұсқаулардың сақталуын бақылау үшін кәсіпорынның әкімдігі бүйрық арқылы жауапты адамды тағайындауы тиіс. Санына қарамастан радиоактивті заттектермен және иондайтын сәулелермен жүмыс жүргізілетін барлық кәсіпорындарда дозиметрлік және радиомегриялық бақылау жүргізу қажет. Ол үпіін әр түрлі қүралдар қолдаішлады: иондайтын камералар, дозиметрлер, Гейгер санауыштары, индикаторлар және т.б. Адамдар радиоактивті заттектерден жеке басын қоргау үшін әр түрлі газтұтқыштарды, арнайы киімдерді, сондай-ақ қорғасыннан, болаттан, алюминийден және басқа да материалдардан жасалған экрандар түріндегі әр түрлі қорғану құрылғыларын пайдаланады. 183
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==