Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
түйіршіктер ағымын толық сіңіреді). Сөйтіп, жұмыс қауіпсіз болу үшін ең қарапайым экрандарды пайдалану қерек. Гамма-сәулелер адамның денсаулығына ең көп қауіп әкелетін сәулелер болып табылады. Олар ауада жүздеген метрлік ара қашықтыққа еркін қозғала алады. Гамма-сәулелер - бұл толқынының ұзындығы 3x1 0~ 9 см құрайтын электрмагниттік қасиеттері бар сәулелер. Олардың энергиясы жоғары, сіңу қабілеті бар және жылдамдығы жарық жылдамдығына тең. Гамма-сәулелер ағымын әлсірету үшін өте қалың материалдар қажет. Гамма-сәулелердің қалыңдығы 2 см қорғасын қабатынан немесе қалыңдығы 2,8 см болат қабатынан өткен соң екі есе әлсірейтіні белгілі. Кәдімгі қалыңдығы 32 сантиметрлік бетон гамма- сәулелерді он есе әлсіретеді. Радиоактивті изотоптың белсенділігі атом ядроларының уақыт бірлігі ішіндегі ыдырауының санымен өлшенеді. Белсенділіктің өлшем бірлігі ретінде кюри қолданылады. Кюри - ішінде 1 с. ішінде 3,700x1 0 10 ыдырау актісі өтетін берілген изотоп препаратының белсенділігі. Альфа- және бета-белсенділікті сипаттау үшін кюри бірлігін, ал гамма-белсенділікті сипаттау үшін — гамма-квантты қолданады. Рентгендік және гамма-сәулелердің экспозициялық мөлшерін өлшеу бірлііі ретінде кулон-килограмм (К/кг) бірлігі қабылданған. Жүйеден тыс бірлікті - 2,57976х10' 4 К/кг тең рентгенді (Р) де қолдануга болады. Биологиялық үлпа ІР-ғы физикалық гамма-сәулелер мөлшерімен сәулеленген жағдайда ұлпаның әрбір грамы шамамен 93x1 0' 7 Дж сәуле энергиясын сіңіретін болады. Адамдардың радиоактивті заттектермен жүмыс істеген кезде зақымдану қауіптілігінін дәрежесі бірқатар себептерге байланысты: - қолданылып жатқан радиоактивті заттектсрдің түріне (ашық немесе жабық); - радиоактивті заттектің физикалық жағдайына; - сәулелену түрі мен қуатына, белсенділігіне, жартылай ыдырау мерзіміне; - заггектің салыстырмалы радиоактивтілігіне; радиоактивті заттектің санына; радиоактивті заттектер қолданылатын технологиялық процестің сипатына. Қауіптілік дәрежесін анықтау кезінде адам ағзасы үлпаларына ең терең енетін сәулелер бүл гамма-сәулелер екендігін ескеру керек. Дені сау адам үшін 50 Р-дік мөлшер қауіпсіз немесе рүқсат етілген болып есептеледі. Одан артық мөлшерлердің сәуле ауруын қоздыратыны, ал 500 Р-дік мөлшердің көптеген адамдарды өлімге алып келетіні анықталды. Аталған молшерлер шамалары қысқа мерзім ішінде (бір тәулікке жақын) бір рет сәулеленген кезде қолданылады. Радиоактивті сәулелердің ерскшелігі - сәулелену кезінде адамның оларды сезбейтіндігінде, сондықтан да төніп түрған қауіп туралы білмейтіндігінде. * 182
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==