Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
бейтараптайтын оң және теріс иондар бүлтының пайда болуына алып келеді. Осы сияқты құралдармен және аппараттармен, сондай - ақ тікелей радиоактивті заттектермен жұмыс істеген кезде адам ағзасын зақымдау қауіпі туындауы мүмкін. Закымдану дәрежесі сәулелену мөлшеріне байланысты. Адамның ағзасы өлген жасушалардың орнына жаңа жасушаларды шығаруға қабілетті, сондықтан да аз мөлшерде сәулелену онша қауіпті емес. Көп мөлшерде сәулеленген жағдайда жасушалардың басым бөлігі жойылады да, бұл сәуле ауруының пайда болуына алып келуі мүмкін. Радиоактивті заттектермен жәнс иондайтын сәулс коздерімен жұмыс істеген кезде қауіпсіз жүмыс жағдайларын жасау үшін радиоактивті заттектермен және басқа да иондайтын сәуле көздерімен жұмыс істеу ережелерін, сонымен қатар жұмыскерлердің қорғану құралдарына қойылатын 12.4.120-83 ЕҚСЖ «Иондайтын сәулелерден ұжымдық қорғану құралдары. Жалпы техникалық талаптар» талаптар стандартын басшылыкка алу керек. Қауіпсіздік техникасы шараларын қарастырмас бүрын радиоактивті сәулелену мен өлшем бірліктері туралы негізгі ұгымдарды карастырайық. Иондайтын сәуле деп заттекпен әрекеттескен кезде оның ішінде зарядталған түйіршіктерді - иондарды тікелей немесе жанама қүруға қабілетті электрмагниттік немесе корпускулярлық сәулені атайды (мысалы, альфа, бета-, гамма-, реиггендік). Радиоктивті изотоптардың ядролары шығаратын иондайтын сәулелерді радиоактивті сәулелер деп атайды (кобальт-60, стронций-90 және т.б.). Изотоптар — ядроларының зарядтары бірдей, бірақ салмақтық сандары әр түрлі бір химиялық элементтің атомдары. Радиоактивті элементтер ыдыраған кезде альфа-түйіршіктер, бета- түйіршіктер және гамма-сәулелер шығады. Альфа-түйіршіктер гелий атомдарының ядролары болып табылады. Олардың ұшып шыіу жылдамдығы 20 000 км/с құрайды. Түйіріиіктердің ауадағы еркін ұшуы 10 см аспайды, және оларды сіңіру үшін қағаздан бөгет жасау жеткілікті болады. Иондану қабілеті жоғары альфа-түйіршіктерінің адам ағзасына түсуі оте қауіпті, себебі ішкі органдардың қатты зақымдайды. Алайда, ауаның альфа-түйіршіктер агымын тіпті бірнеше сантиметрлік қашықтықта да толық сіңіретінін ескерсек, жүмыс қауіпсіз болу үшін резіңкеден тігілген қолғаптар мен іскектерді пайдалану жеткілікті. Бета-түйіршіктер жылдамдығы 250 000 км/с тең жылдам электрондар болып табылады. Бета-гүйіршіктер ауада ондаған метрге жылжиды. Альфа- түйіршіктермен салыстырғандабета-түйіршіктердің иондау қабілеті темен, ал сіңу қабілеті жогары. Бета-түйіршіктерді сіңіру үшін қалыңырақ материал қажет (мысалы, қалыңдығы 1 мм алюминий экраны бега- 181
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==