Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Тері ауруларының тағы бір түрі — кәсіби дерматоздар - химиялық заттармен (қышқылдар, сілтілер, боягыштар және т.б.) түйіскен кезде пайда болуы мүмкін. Бүл аурулар бояу-өңдеу өндірісінде орын алуы мүмкін болып кездеседі. Тері ауруларының алдын алу шараларына мыналар жатады: - микрожарақаттану себептерін жою. Бұл бағытта жұмыс әйелдерді, шебердің көмекшілерін, темір ұсталарын және басқа да жұмысшы мамандарын дұрыс құрал - жабдықпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліну керек; қол мен бет терісін химикаттармен, бояғыштармен, эмульсиялармен жанасудан қорғау; - қолдыц шаңдануымен күресу шараларын қабылдау; - себезгі (душ) және жуынатын бөлмелерде суық және ыстық сулардың, сабынның және таза сүлгілсрдің бар болуы; - жүмысшыларды тиісті арнайы киіммен қамтамасыз ету; - жұмыс орнының таза және ретке келтірілген болуы; - жүмысшылармен жүйелі түрде санитариялық - ағарту жұмысын жүргізу; - цех дәрі қораптарында ұсақ жарақаттарды баптауға арналған қажетті дәрі - дәрмектердің бар болуы; - қол буындарын зиянды заттардың әсерінен қорғайтын пасталар мен майлардың қолданылуы. Радиоактивті сәулелену. Өнеркәсіпте радиоактивті изотоптар кеңінен қолданылады. Олар бақылау - өлшеу аспаптары мен аппараттарында, әр - түрлі зерттеулер мен талдамаларды жүргізу ксзінде пайдаланылады. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кэсіпорындарында радиоактивті изотоптарды технологиялық процестерді бақылау, құралдардағы ерітінділердің қоюлығын бақылау, өнімнің есебін жүргізу, электрстатикалық зарядтарды жою және т.б. үшін қолданады. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында электрстатикалық зарядтар жіптер мен иірілген жіптерді өткізу, синтетикалық талшықтарды технологиялық қүрал - жабдықтарда өңдеу, сондай - ақ бояу - өңдеу өндірісінде кенепті еңдеу кезінде көптеген қиындықтарды тудырады. Иілгіш капрон жібін оңдеу кезінде статикалық электр зарядтарының мөлшерлері өте жоғары деңгейге жетеді. Бүл жағдайда шығарылған бұйымдар созу білікшелеріне оралады да, бүл бүйымдардың бұзылуына ғана емес, бөлшектердің сынуына да альш келеді. Электрстатикалық зарядтардың шамаларын азайту әдістерініц бірі оларды радиоизотопты бейтараптағыштармен бейтараптау болып табылады. Олар қажетті жерде электрленген дене зарядтарын 180

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==