Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- өндірістегі еңбек кәуіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қоғамдық бақылауды жүзеге асыру; - еңбекті қорғау барысындағы уәкілетті органдар, мемлекеттік саясаттың жаттығуын іске асыру және оларға тиісті органдардың мүдделі оңделуі және басқа уәкілеттік қызметкерлерін мемлекеттік басқару органымен бақылау, жұмыс берушілер мен кәсіби одақ арасында өзара әрекеттесуін және істестігін қадағалау; - ецбек жағдайларын, қәуіпсідігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қәуіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдык қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құру және іске асыру; - еңбекті қорғау бойынша және қызметкерлер мен кәсіпорындарда нормативтік талаптарды сақтау мақсатындағы экономикалық санкцияларды қолдану; - қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, емдік-профилактикалық тағамдандырумен және тағы басқа да алдын алу құралдарымен жұмыс берушінің қаражаты есебінен қамтамасыз ету; - өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай - ақ олардың отбасы мүшелерінің занды мүдделерін қорғау; - өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қәзіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыс үіпін өтемақылар белгілеу; - өндірістегі әрбір жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды міндетті түрде тергеу; - еңбек қәуіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру; - еңбек жағдайлары туралы, сондай - ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті үйымдастыру; - өндірістік қызметкерлерге еңбек қәуіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында біріцғай ақпараттық жүйенің жүмыс істеуін қамтамасыз ету; - еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жаксарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін насихаттау; - еңбек қәуіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған. Еңбек қәуіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, әукілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай - ақ өнеркәсіп қәуіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де 17
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==