Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

мәнін емес, олардың РО және 10 табалдырықгық мәндеріне қатынасы бойынша алынған логарифмитикалық бірліктегі салыстырмалы деңгейін өлшеу ыңғайлы болады. Дыбыс қысымының деңгейін өлшейтін бірлігі үшін децибел (дБ) қабылданған. Адамның есітитін органдары қабылдайтын дыбыстар ауқымы - 0 ...140 дБ шектерінде болады. ІЗОдБ дыбыс деңгейі ауыртатын сезімді шақырады, ал 150 дБ әр жиілікте есіту қабілетін зақымдайды. Дыбыс қарқындылығының деңгейі мына формула бойынша анықталады £ / =10 1 ё (ІДо) мұнда I - берілген нүктедегі дыбыс қарқындылығы, Вт/м а ; 1° - 1000 Гц жиілік кезінде 10" п Вт/м 2 тең сстілу табалдырығына сәйкес болатын дыбыс қарқындылығы. Дыбыс қысымының деңгейі келесі формула бойынша анықталады L'=20 lg (Р/Р») мұнда Р - берілгсн нүктедегі дыбыс қысымы, Па; po . 2 Ю' 3 Па тең табалдырықтық дыбыс қысымы. Дыбыс қысымының деңгейі бірдей болған кезде түрлі жиіліктердің дыбыстық тербелістері адамның есту органына әртүрлі эсер етеді. Жоғары жиіліктер дыбысының әсері ең жайлы болып табылады. Шуылдар жиілігі бойынша темен жиілікті (400 Гц темен жиіліктер ауқымындағы дыбыс қысымының максимумы) жэне жоғары жиілікті (1000 Гц жоғары) болып бөлінеді. Шуылдың жиіліктік сипаттамасын анықтау үшін дыбыс ауқымы жиілігі бойынша октавтік жиіліктер жолағы деп бөледі, мүнда шектік f* жоғарғы жиілігі қосарланған f* төменгі жиілігіне тең, яғни f«/f»=2. Октавтік жолақ ортагеометриялық жиілікпен синатталынады = ТАЛ. Спектрінің сипаты бойынша шуылды бір октавадан астам енді үззіксіз спектрі бар кеңжолақты және анық дискреттік үні болатын үнді спектр деп бөледі. Уақыты бойынша шуыл түрақты және түрақсызға (уақыты ауысып тұратын, үздіксіз, импульстік) бөлінеді. Нормаландыруы 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц ортагеометриялық жиіліктері бар октавтық жиіліктер жолағында жүргізіледі. 177

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==