Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

жабдықтардың үзіліссіз жұмысы кезінде кәсіби ауру көздері туындауы мүмкін. Шу көздері орналасқан әрекеттегі өндіріс орындарын салғанда және қайта салғанда бөлме ішіндегі жұмыс орындарындағы, сонымен қатар түрғын үйлерді қоршаған территорияның ауласындағы шудың деңгейін төмендетуге бағытталған архитектуралық - құрылыс шаралар қарастырылуы қажет. Шудың параметрлерін күші бар гигиеналық нормативтерге дейін жеткізу мүмкін болмағанда: 1) түрақты жабдықтар үшін дыбысты оқшаулайтын кабиналарды қүру, процесті қашықтықтан басқаруды қарастыру қажет; 2) қол саймандары үшін басқа жүмыспіыларға шудың әсерін болғызбайтын жерге жүмыс орнын орналастыруды қарастыру қажет. Шудың, дірілдің және инфрадыбыстың жүмысшыларға эсер етуіне байланысты жұмыс орындарының маңында, мезгілді демалуға және профилактикалық процедуралар жүргізуге арналғаи бөлмелер қарастырылуы қажет. ІІІуыл мен дірілден қорғану. Өндірістік процестерді автоматтандыру және механизмдеу қүралдарының дамуы жабдықтарды пайдаланумен байланысты болады, олар жүмыс барысында механикалық тербелістерді жасайды, соңғылардың зияндылық әсері жиілігінен, қарқындылығынан және ортадан байланысты әртүрлі болады. Бұл тербелістер шуылға және дірілге бөлінеді. Естілетін жиіліктер ауқымында таратылатын тербелістерді адам дыбыс ретінде қабылдайды. Шуыл - қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі эртүрлі жиіліктер мен карқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. ¥зақ шуылдың әсері қүлақтың есітуін жэне көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-тамырларының жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жүмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды. 20 Гц-тен темен (инфрадыбыс) және 20 000Гц- тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер қүлақка эсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық эсерін тигізеді. Ортаның дыбыстық тербелістер бөлшектері кезінде ауыспалы қысым пайда болады, оны дыбыс қысым Р деп атайды. Дыбыс толқындарын тарату энергияны ауыстырумен ілеседі, шамасы дыбыс қарқындылығымен 1 анықталады. Адам есітіп анықталатын ең аз дыбыс қысымын Р0 жэне ең аз дыбыс қаркындылығын 10 табалдырықтық деп атайды. Шамалы естілетін дыбыстың қарқындылығы (естілу табалдырығы) және ауыртатын эсерді шақыратын дыбыстардың қарқындылығының (ауырту табалдырығы) айырмашылығы бір бірінен миллион есе болады. Сондықтан шуылды бағалау үшін дыбыс қысымы мен қарқындылығының абсолюттік 176

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==