Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
ӘЖГ бөлмесінің қабыргасы мен жеке кабиналар арасындағы таса жуғыш және залалсыздандырғыш құралдарды қолданып жууға және жеңіл тазалауға мүмкіндік беретін материалдардан болуы керек. Кір жуатын бөлмелер кәсіпорындарда жұмыстық киімдерді жуу үшін жобаланады, яғни коммуналдық немесе жалпы кір жуу бөлмесінде жууға болмайды. Кір жуатын бөлмелер механикаландырылып және санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс. Кептіруге арналган белмелер жұмысшы киімдерін шаңсыздандыру мен залалсыздандыру денсаулыққа улы және зиянды заттардың алдын алу үшін қарастырлады. Жұмысшы киімдерін шаңсыздандыруға арналған бөлменің ауданы 12 м 2 кем болмауы тиіс. Бұл бөлмелер жүмыс киімдерін орналастырып сақтау үшін арналған. Кептіруге арналған бөлмелерде желдету, жұмыс киімдерін шаңсыздандыру және залансыздандыру үшін мынадай түрде келтірілген шаңның енуі, газдардың және супы немесе зиянды булардың және т.б бөлмелерден алшақ орналасуы тиіс. Жұмысшы киімдерін залалсыздандыру үшін бәлменің ауданы санитарлық - эпидемиологиялық станция органдарының қызметкерлерімен келісілген болуы тиіс (СЭС). Жумысшыларды жылытуга арналган болмелер lie жұмыспіы тобы үшін қарастырлады. Осындай бөлменің ауданы ең көп санды алмасуда жұмыс істейтін бір жұмыспіыта 0,1 м 2 есебінен анықталады және 1 2м 2 кем болмауы керек. Қогамдык, тамақтану кәсіпорындары — жұмысшылардың рационалды тамақтануы үшін гигиеналық нормаларды ұстану керек. Қоғамдық тамақгандыру кәсіпорындарында санитария азық - түліктерді сақтау және тасымалдау, тағамды дайындау және ұсыну, жұмысшыларға қызмет көрсету процесі кезінде қатал санитарлы тәртіпті сақтауға негізделген. Ол еңбек етупіілердің денсаулығын сақтауға, жұмысқа қабілеттілігі мен еңбек өнімділігіне негізделген гигиеналық іс - шараларға, нормалар мен ережелерге сүйенеді. Санитарлы жағдай мен санитарлы тәртіптің орындалуына кәсіпорьш басқарушысы жауап береді. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалау мен салудың гигиеналық негіздеріне (территорияға, жердің бас жобасына, бөлмелердің жобалануына, құрылысына, құрылыс материалдарына), орналастыру, жабдықтау, өзара байланыстыру құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы керек. Ол өндірістіц ағымдылығын, еңбектің рационалды үйымдастырылуын, қауіпсіздік техникасының талаптарын, микробтармен тағамдық аурулардың профилактикасын қамтамасыз етеді және азық - түлік өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығын сақтауға көмектеседі. Жердіц бас жобасы мен территориясына крйылатын гигиеналық талаптар. Санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына байланысты 170
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==