Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Егер санитарлық және өндірістік шарттар рұқсат етсе, онда 20% көп емес жұмысшы орындардың жақын манда қол жуғыштарды есептеп орналастыруға болады. Крандардың бір бірінен ара қашықтығы 0,65 метрден ал қол жуатын орынның өтетін ара қашықтығы 2 метрден кем болмау керек. Әрбір қол жуғыш орын ыстық және суық суды қамтамасыз ететін құрылғылармен орнатылған крандар болу керек. Крандардың саны кезінде қол жуатын орыйда бір кранға адам санына есептелгеніне кетеді, сонымен қатар біренше көп санды алмасуларда жұмыс істелу саны да болады. Крандардың саны өндіріс процесстерінің тобына да байланысты қарастырылады. Өндіріс процесстердің тобына тәуелді бір кранға есептелген адам саны төменде келтірілген. Крандардың санын анықтаған жағдайда қол жуатын орында крандардың саны асхана және әжетханада саналмайды. Дуиітық бөлмелер ашық кабиналармен жабдықталған, бір немесе екі қатарда орналасады. Душтық бөлмелерде гардеробтардың қасында орналастыру қажет. Кабиналардың арасындағы қалқан 1,6 метр биіктікпен су өтпейтін материалдан қаптау қажет, 0,2 метр еденге дейін жетпеуі тиіс. Душтық және душқа дейінгі орналастырылған сыртқы қабырғаларға жіберілмейді. Ашық душтық кабиналардың мелшерлері 0,9 х 0,9 метр. Душтық кабиналардың арасындағы өту жолдары 2 метрден кем болмауы керек, ал кабина мен қабырға арасындағы немесе қалқан - 1,2 метрдей. Душтық едендерде су ағынына арналған тартпалар болуы тиіс. Душтық торлардың саны адам санына бір душтық тор есебінен анықталады, жұмыс істеушілердің саны бірнеше көп санды алмасуға және өндірістік процесстердің тобына тәуелді болып келеді. Жеке гигиенага арналган болмелер (әрі қарай - ӘЖГ) әйел адам бірнеіпе көп санды алмасуда жұмыс істеу кезінде 15 немесе одан да көп әйелдердің жұмыс істеуіне кезіндегі қолданылатын арнайы бөлмелердің болуы тиісті. Бұл бөлмелер әйел адамдардың әжетханасының қасына орналастырылуы қажет. Әйелдердің жеке бас гигиенасына арналған бөлме 4 м 2 кем емес аймақта киім шешу орындары болуы тиіс (0,02 м 2 бірнеше коп санды алмасуда жұмыс істейтін бір әйел адамга), және 1,8 х 1,2 метрлік өлшемде жеке кабиналар орнатылуы тиіс. ӘЖГ — сы болмесінен жұмыс орнына дейінгі қашықтық 150 метрден артық болмауы қажет. ӘЖГ — сын цехтық дәретханалармен біріктіруге рұқсат етілмейді. Душтық кабиналар ыстық және суық су смесителімен қолжуғыш, қызмет көрсететін персоналка үстелі, қолды электрлі кептіргіш, магнитті сабын салғыш қарастырылуы керек. Жеке кабиналардың саны бірнеше коп санды алмасуда жұмыс істейтін 10 әйелге есептелінген бір кабинамен анықталады. 169
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==