Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

орындалмаған болса, мемлекеттік санитарлық бақылау мүшелерімен жүргізіліп жатқан құрылыс уақытша тоқтатылып, кәсіпорын жабылады. Қогамдық санитарлық бақылауды жалпы мамандандырылған жиналыста сайланған қоғамдық кәсіпорындарының жұмысшыларынан қүралған топ жүзеге асырады. Қоғамдық санитарлық бақылау мақсаты - кәсіпорын қызметкерлерімен санитарлық ережелердің орындалуын бақылау үшін әкімпгілікке кемектесу. Қоғамдық бақылау тобы санитарлық қызметпен, санитарлық — эпидемиологиялық станциямен (СЭС) бірге жұмыс жасайды. Санитарлық бақылау өз жұмысы кезінде санитарлы заңға негізделген құжаттармен жұмыс істейді. Санитарлық бакылауды анықтайтын негізгі құжаттарға МемСТ (мемлекеттік стандарт), ТШ (техникалық шарт), ҚРСТ (Қазақстан республикасының стандарттары), санитарлық нормалар мен ережелер жатады. Өндірістік кәсіпорындарды осы кезеңгі гигиеналық талаптарға сай қамтамасыз ету үшін келесі құрылғылар қажет: құрылыс алаңын талдау; кәсіпорынды аумақтық сәулелендіру; ондіріс және қосалқы ғимараттардың орналасуы; канализация және сумей жабдықтау; жылыту жүйелерінің құрылысы, желдету және жарықтандыру, қосалқы бөлмелермен жабдықтау. Бұл барлық талаптар өнеркәсіпті жобалау кезінде және кәсіпорындардың қолданылуы кезінде міндетті болып келеді. Кэсіпорын аумагы. Жаңа кәсіпорындар салынатын аймақтарда табиғи жарықпен және желдетумен тиісті қамтамасыз ету қажет. Кәсіпорындардың арасындағы ара қашықтық және жақын арадағы тұрмыстық үйлер, мәдени тұрмыстық және емдік ғимараттарды санитарлық - қорғайтын аймақ дсп атайды. Саннтарлық қорғау аймағының шекарасы - санитарлық қорғау аймагының (әрі қарай СҚА) немесе кеңістіктің жоспарлы проекциясының барынша көп территориясын шектейтін сызық, эсер етуші нормаланатын факгорлар оның маңынан тыс жерде белгіленген гигиеналық нормативтен аспайды. Ластану аймағы — ластану көзінің маңындағы территория, оның шегінде атмосфераның жер беті қабаты еонцентрациясының мүмкіндік шегінен асатын зиянды заттармен ластануы мүмкін. Рециркуляция — температураны және қоспадағы компоненттердің концентрациясын реттеу мақсатымен технологиялық процске газдардың, сұйық және қатты заттардың ағымының толыгымен немесе жекелей қайтып келуі. Барлық өнеркәсіп кәсіпорындары олардың технологиялық процестер және зиянды, улы заттардың бөлінуіне қарай бес топқа бөлінеді. Кәсіпорынның топтық сәйкесгігіне байланысты қорғау аймақтары орналастырлады, олар мынаған тең: бірінші топ үшін -1000, 163

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==