Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

санитарлық - эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені. Атап айтқанда, еңбек гигиенасы еңбек процестерінің және өндіріс ортасының адам агзасына эсер етуін түсінеміз. Еңбек гигиенасы санитарлық - гигиеналық, үйымдық және емдік профилактикалық шаралар, кәсіптік аурулардың алдын алуына және еңбек шарттарында денсаулықты жақсартуға арналған. Өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар жүйесі. Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын санитарлық қолайлыгын талаптарға сай қамтамасьіз етуді, кәсіпорынның аумақтары сияқты, сондай - ақ олардың өндірістік және тұрмыстық бөлмелерін еңбекке қолайлы етіп жасау. Санитарлық - гигиеналық талаптардың қанағатгандырылмағаны тек өндірістік кәсіби ауруларға ғана шалдықтырып қоймай, сонымен қатар ондірістегі жарақатганудың бірден - бір себебі болуы да мүмкін. Цехтарда жоғары температураның болуы бірден барлық жүмысшылардың жағдайларын нашарлата бастайды, бас айналу және үйқышылдық пайда болады. Ал төменгі температурада жүмысшыларға сырт киіммен жүмыс істеуге тура келеді, ол қозғалысты ауырлатады. Темен (жаман) жарықтандыру кезінде жұмыс жасау көзге тез арада зақым келуін және ауыр жарақатка әкеліп соғу мүмкіндіктерін туғызады. Цехтардағы ауа ортасының шаңмен және газдармен ластануы, сонымен қатар шуыл адам агзасына өте зиянды. Өндірістік объектілерін жобалауға қойылатын санитарлық - гигиеналық талаптың орындалуы үшін, сондай - ақ кәсіпорындарды санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріп ескеру үшін «Өндірістік объектілерін жобалауға қойылатын СЭТ» туралы (Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 8 шілдедегі №334 бүйрығымен) санитарлық - эпидемиологиялық ережелері мен нормалары тағайындалған. Санитарлық - эпидемиологиялық қызмет Қазақстан Республиксының Денсаулық сақтау министрлігі жүйесіне еніп, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлы дәрігерімен басқарылады. Бұл қызметтің тәжірибелік мекемелеріне санитарлы эпидемиологиялық станция (СЭС) жатады. Санитарлық - эпидемиологиялық станция республикадағы, облыстағы, аумақтағы, қаладағы, аудандағы ағымдық санитарлық бақылауды жүзеге асырады. Ескертетін санитарлық бақылау мақсаты өндірістік кәсіпорындарын жобалау мен салу кезіндегі және жұмыс істеп тұрған қоғамдық кәсіпорындарын қайта жобалау кезінде санитарлық ережелердің бұзылуына жол бермейді. Санитарлық талаптар бүзылса немесе 162

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==