Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

жүрісінде жарылғыш қосналар түзіліп, жарылысқа және жұмысшыларды әр-түрлі жарақаттану түрлеріне әкеп соқтыруы мүмкін. Цилиндрдегі қысымды, манометрлер мен сақтандырғыш қақпақшалардың жұмысын тұрақты бақылауды ұйымдастырған маңызды. Ережелерге сәйкес онеркәсіп әкімшілігі компрессорлық қондырғыларға қызмет көрсету бойынша қауіпсіздік ережелерін қабылдап, көрінетін жерге іліп қоюы керек. Және де нұсқаулар жұмысшыларға берілуі керек. Компрессорлық қондырғылармен 18 жасқа толған, медициналык тексеруден өгкен, арнайы теориялық және тәжірибелік оқытудан еткендігін куәләндыратын сәйксс құжаты бар тұлғалар ғана жүмыс істсй алады. Жұмысшылардың білімін мерзімді тексеру өнеркәсіп директорының бұйрығымен анықталған комиссия мүшелерімен жылына бір рет өткізіледі. Өнеркәсіп бұйрығы бойынша компрессорлық қондырғыларды қауігісіз пайдалану үшін жауап беретін түлға тағайындалады. Нормативтік — құқықтық актілерге сәйкес құбырларды тексеру енеркәсіп әкімшілігімен келесі мерзімдерде жүргізіледі: - жұмыс қысымында болатын ашық қүбырларды сыртқы тексеру - жылына бір рет; - қүбырларды беріктік пен тығыздыққа гидравликалық тексеру 1,25 жұмыс қысымында (бірақ 200 кПа (2 кгс/см 2 ) кем емес) пайдалануға беру алдында, дәнекерлеу жұмыстарымен байланысты жөндеуден кейін, бір жылдан артық консервациялауда болған құбырларды жұмысқа қосу алдында жүргізіледі. Қысыммен жүмыс істейтін аппараттар мен сауыттар: бояғыш - өңдегіш өндірістерінде, және де бас механика мен бас энергетика цехтарының бөлімдерінде кеңінен қолданылады. Мұндай жабдықтарға жататындар: шұлық бояғыш - булағыш машиналар; булағыш машиналар; ыстық каландрлар; жіп бояғыш аппараттар; өнімдерді ылғалды - жылулық өңдеу үшін арналған жабдықтар; компрессорлық қондырғылардың ресиверлері; оттегі мен ацетиленді баллондар; бу аккумуляторлары; редукциялық-салқындатқыш қондырғылар; 70 кПа (0,7 кгс/см 2 ) қысымға молшерленген әр - түрлі ыдыстар жатады. VIII. ТЕКСТИЛЬ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫН- ДАРЫН ЖОБАЛАУ КЕЗІНДЕГІ ӨНДІРІСТІК САНИТАРИЯ МЕН ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ 8.1 Ондірістік гигиена және санитария Еңбек гигиенасы — қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі 161

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==