Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

қысымы 15 000 кПа (150 кгс/см 2 ) болатын оттегі баллондарын маймен ластанудан және ішіне майдың түсуіиен қорғаған жөн. Әр баллонның ауызында тығыз жабылатын қысымды бәсеңдететін тетік немесе майы жоқ арнайы баллонда шығынды - толтырғыш штуцер болуы керек. Қысыммен жүмыс істейтін сауыттарды орналастыру мен қауіпсіз пайдалану Ережелеріне және 12.2.085-82 ЕҚСЖ «Қысыммен жұмыс істейтін сауыттар. Сақгандырғыш қақпақтар. Қауіпсіздік ережелері» әр баллонда белгілі ретпен таңбалар салынуы керек. Басқа көрсеткіштер қатарына баллон нөмірі, оның нақты салмағы, дайындау (сынау) күні (айы және жылы) және келесі сынау жылы, жұмыс қысымы, гидравликалық қысымын байқау, баллонның сыйымдылығы жатады. Бұдан басқа, әр баллонда шығарушы зауыттың техникалық бақылау бөлімінің таңбасы және стандарт номірі болу керек. Баллондардың түсі, жазу мәтіні мен түсі қысыммен жұмыс істейтін сауыттарды орнату және қауіпсіз пайдалану Ережелеріне сәйкес болуы керек. Пайдаланылатын баллондар бес жылда бір реттен кем емес тексерістен өтіп түруы керек. Ал бұзылуға бейім газдармен (хлор, хлорлы сутек, күкірт сутек және тағы басқалары) толтырылатын баллондар екі жылда бір рет тексеруден өтеді. Баллондарды мерзімді тексеру толтырушы - зауыттармен немесе толтырушы станциялармен іске асырылады. Мерзімді тексеру кезінде барлық баллондар (ацетиленге арналғандардан басқа) 1,5 есе жумыс қысымынан асатын қысыммен гидравликалық сынаудан өтеді. Қызмет атқарушы тұлғаларға келесі жағдайларда баллондарды газбен толтыруға болмайтынын білу керек, егер: - мерзімді тексеру уақыты отіп кетсе; - Ережелермен бекітілген тацбалар болмаса; - вентильдер жарамсыз немесе корпус зақымданған болса. Көптеген кәсіпорындарда дәнекерлеу жұмыстарына арналған газбен толтырылған баллондар қолданылады. Әрине, олардың белгілі қоры болуы қажет. Сондықтан оларды дұрыс сақтау өте маңызды. Баллондар тігінен тұрғызылып, оларды құлаудан, ластанудан, қыздырудан қорғайтын қондырғымен қоршалып сақталуы тиіс. Баллондарды арнайы арбалармен тасымалдаған дұрыс. Баллондар қоймасынан 10 метр қашықтыққа дейін кез келген жанғыш заттарды сақтауға немесе ашық отпен жұмыс істеугс тыйым салынады. Қысыммен жұмыс істейтін сауыттарды орнату және кауіпсіз пайдалану Ережелеріне сәйкес сығылған газдар үшін баллондардың қалдық кысымы 50 кПа (0,5 кгс/см 2 ) аз емес, ал ерітілген ацетилен үшін баллондарда 50 (0,5) және 100 кПа (1 кгс/см 2 ) аралығында болуы керек. Толтырғыш — зауыттан келесідей баллондарды қабылдауға болмайды: 158

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==