Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Өнеркәсіп бұйрыгымен қысыммен жұмыс істейтін сауыттарды бақылайтын адам жәнс сауыттарды ң қауіпсіз іс әрекетіне жауап беретін техникалық қызмет көрсетуші тұлға тағайындалады. Қысыммен жұмыс істейтін сауыттарға қызмет көрсету 18 жасқа толған, өдірістік оқытудан және сауыттармен қауіпсіз жұмыс істеу нұсқауынан өткен, сондай - ақ мамандындыру комиссиясынан білімін тексертуден және де сәйкесті куәлік алған тұлгаларға ғана рұқсат стіледі. Сауыттардың барлық түріне арналған қауіпсіз жұмыс істеу нұсқаулары көрінетін жерлерге ілініп, жұмысшыларға таратылып берілуі керек. Сауыттарға қызмет корсететін қызметкерлердің білімі бұйрықпен бекітілген комиссиямен жылына бір рет тексеріледі. Тексеру нәтежиесін арнайы журналға тексеріс күнін және әрбір тексерілген адамның бағасы көрсетіліп енгізіледі. Өндірістегі қысым астындағы сауыттармен жұмыс жасайтын қызметкерлсрге коп көңіл бөлген жөн, себебІ, жұмыс орнындағы қысыммен жұмыс жасайтын сауыттардан туындайтын төтенше жағдайлар, қызметкерлердің үйретілмегендігінен болатынын тексерістер дәлелдеді. Қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін қысым болған кезде сауыттардың ашылуын ескертететін, және де сауыт дұрыс жабылмаған жағдайда оған будың (немесе басқа ортаның) берілуін болдырмайтын әртүрлі блокадалаудың дұрыс жүмыс істсуін қамтамасыз ету өте маңзды болып табылады. 7.2 Баллондарды пайдалану ережелері Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында сығылған, сүйылтылған және ерітілген газдарды сақтау және тасымалдау үшін көп мөлпіерде баллондар жиі қолданылады. Баллондарды пайдалану кезінде апаттар сирек болса да, кездеседі. Оттегі, көмірқішқіл газы және ацетилен толтырылған баллондардың жарылуымен байланысты апаттар қауіптілігі көп жағдайда олардың қасында адамдардың болуымен күрделенеді. Апаттардың негізгі себептері болып: - баллондарды дайындаудын төменгі сапасы; - газбен баллондарды белгіленген мөлшерден артық толтыру; - баллондарды сақгау және тасымалдау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады. Жұмысшыларға қауіпсіздік ережелерін оқытқан кезде оттегі қатысында органикалық майлардың қарқынды тотығуы жүретінін және бүл құбылыс температураның жоғарылауына және кейде майдың түтануына әкелетінін түсіндіргсн маңызды. Бүл, ең басты жағдайда баллонның жарылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Міне сондықтан, жұмыс 157
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==