Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Қысыммен жұмыс істейтін сауыттарды орналастырудың жалпы ережесі, олардың барлық бөліктеріне, арматураға, өлшегіш құралдарга еркін жету мүмкіндігі болатындай жерге орналастыру. Барлық қысыммен жұмыс істейгін сауыттарды дайындағанна кейін міндетгі түрде гидравликалық тексерістен өтуі қажет. Әрбір өндірістерде сәйкесті бақылау органдарында тіркелген және де тіркелмеген қысыммен жұмыс істейгін сауыттардың қатаң тізімі болу керек. Арнайы органдарда тіркелетін сауытгар техникалық тексеруден өтеді. Мұндай тексерулер (ішкі құрылымын қарау және гидравликалық сынау) сауытты жүмысқа қосудан бұрын, қолдану процесінде мсрзімді түрде және уақытынан бүрын жүргізіледі. Кезектен тыс тексерулер келесі жағдайларда жүргізіледі: - сауытты жөндеу немесе қайта құрастырудан кейін; - сауыт бір жылдан артық уақыт жұмыссыз түрса; - егер ыдысты жөндеуден кейін, жаңа жерге орнатылса; - сауыт қабырғасына қоргағыш жабуын орнатудан бұрын; - кезектен тыс тексеруді инснектордың немесе ыдыстың қауіпсіз жүмысына жауапты түлғаның айтуы бойынша өткізу керек болған жағдайда. Көрсетілген тексерулерден басқа иелік етуші кәсіпорын бақылау органдарында тіркелмейтін қайта орнатылған сауыттарды ішкі тексеруден және гидравликалық сынаудан өткізуге міндетті. Сондай - ак, бақылау органдарында тіркелетін және тіркелмейтін ондірістегі барлық қысыммен жұмыс істейтін сауыттарды кем дегенде екі жыл сайын ішкі тексеруден өткізіп тұру керек. Ал металлдардың мұжылуын тудыратын ортамен жұмыс істейтін сауыттар кем дегенде жылына бір рет ішкі тексерістерден еткізілуі керек. Бұдан басқа, иелік етупіі - кәсіпорындар сауыттарды: - мерзімді жұмыс жағдайында тексеруге; - бақылау органдарында тіркелмейтін сауыттарды сегіз жылда бір рет гидравликалық және толық ішкі тексеруден еткізуге; - жеке жағдайларда тіркелмейтін сауыттарды уақытынан бұрын өткізуге міндетті. Бұл жағдайларда техникалық куәландыруды енеркәсіпте сауыттарды бақылайтын тұлға сауыттардың қауіпсіз жұмысына жауапты тұлғаның қатысуымен жүргізеді. Адам денсаулығына қауіп тудырмау үшін сауыт ішінде жұмыс бастамас бұрын арнайы өңдеуден (сауытты бейтараптандыру, газсыздандыру тағы сол сияқты талантарды орындағанан кейін) өткізу керек. Сауыт ішінде жұмыс істегенде кернеуі 12 В аспайтын шамдар қолданылуы тиіс. * 156

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==