Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

ыдыстарда 50 кПа (0,5 кгс/см 2 ), 300-ден 6000 кПа-ға (3 - 60 кгс/см 2 ) дейінгі аралықтағы қысымды ыдыстарда 15%, 6000 кПа-дан (60 кгс/см 2 ) артық ыдыстарда 10%. Кейде сауыттар жұмыс қысымы 25% артық қысымнан асқандықтан жыртылса, сақтандырғыш пластикамен жабдықталады. Артық қысымды анықтау үшін манометрлер орнатылады. Манометр дегеніміз - тұйық кеңістіктегі, мыс. Қазанның ішіндегі судың, будың, газдың қысым күшін өлшейтін аспап. Атқаратын қызметі бойынша манометрлер уш түрге бөлінеді: жұмысшы, бақылаушы және эталон-манометрлер. Жұмысшы манометрлері қысымды қолдану кезінде өлшеу үшін, бақылаушы манометрлері жұмысшы манометрлерін олардың орналасу орнында тексеру үшін қолданады. Эталон-манометрлері манометрлер ді зертханалық жағдайда тексеру үшін пайдаланылады. Барлық манометрлер корсету дәлдіктері бойынша кластарға бөлінеді. Манометрдің дәлдік класы санмен белгіленіп, циферблатта (сағаттың цифрлы беті) көрсетіледі. Бұл сан барынша жоғары қателік шамасына тең, ал қателік манометр шкаласының шекті мәнінің пайызымен көрсетіледі. Жүмысіны манометрлері келесі дәлдік кластарымен дайындалады: 0,5; 1,0; 1,5; 2,5; 4. Сауыттардағы қысымды өлшейтін манометрлердің дәлдік класы 2,5 - тен кем болмауы керек. Әрбір сауыт үшін жүмыс қысымының өлшеу шегі шкаланың үштен екі бөлігінде болатындай манометр таңдаған жон. Манометр шкаласында сауыттағы рұқсат етілген жұмыс қысымын көрсететін қызыл сызық болуы қажет. Манометрлерді көрсеткіштері анық және жақсы көрінетін жерге орнату керек. Бақылау алаңынан 2 — 5 метр биіктікте орнатылған манометрдің көрсетілген диаметрі 160 мм-ден томен болмауы керек. Қызмет корсету алацынан 5 метрден артық биіктікте манометрді орналастыруға рұқсат етілмейді. Келесі жағдайларда манометрді қолдануға болмайды: - егер пломба немесе таңбасы болмаса; - егер манометрдің тексеру уақыты отіп кетсе; - егер манометр багдары оны өшіргенде шкаланың нөлдік көрсеткішіне түспесе; - егер шынысы сынса немесе өлшеу нәтежиесінде ықпал ететіндей басқа ақаулар анықталған болса. Манометрлерді кем дегенде жылына бір рет тексеріп түру ұсынылады. Тексерген кезде манометрге пломба немесе таңба қояды. Сонымен қатар, өнеркәсіп алты айда бір рет жұмысшы манометрлерін бақылау манометрлерімен тексеріп шығуы керек. Тексеру нәтежиесі арнайы бақылау журналына жазылады. 155

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==