Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

сүйылтылған газдарды тасымалдауға арналған цистерналар мен күбілер; қысымсыз, бірақ газдың 70 кПа қысымында тогілетін газдар, сұйықтар мен ұнтақ заттарды сақтау мен тасымалдауға арналған сауыттар; қысылған, сүйылтылған және ерітілген газдарды 70 кПа қысымында сақтау мен тасымалдауға арналған баллондар. Осы ереже таратылмайды: - бу және су жылытқыш құралдарға; - сыйымдылыгының (л) жұмыс қысымына (атм) қатынасы 200 - ден аспайтын, сыйымдылығы 25 литрден аспайтын ыдыстар мен баллондарға; - жеке сауыт болып табылмайтын машина бөлшектеріне; - бейметалл материалдан жасалған ыдыстарға; - температурасы 115° С аспайтын, су қысымымен жұмыс істейтін сауыттар және 70 кПа (0,7 кгс/см 2 ) қысымда қайнау температурасынан аспайтын, басқа сұйықтықтардың қысымымен жұмыс істейтін ыдыстарға; - арнайы дайындалған ыдыстарға. Ережелерде сауытгы дайындау мен жөндеу бойынша жұмыстарды атқаратын ұйым ыдыстардың қурылысының дұрыстығына, олардың жөнделуіне, материалының дұрыс таңдалғандығына және оның беріктігіне жауапты деп қарастырылады. Қысыммен жұмыс істейтін сауыттар, келесі бөлшектермен жабдықгалуы керек: - құбырлардан өшіру үшін бекіткіш арматуралармен (вентиль, шүмек, ысырма); - сақтандырғыш қондырғыларымен; - қоршаған ортаның қысымы мен температурасын өлшейтін қүралдармен; - сұйық деңгейін өлшейтін құралдармен. Бүдан басқа да, әр сауытта ондағы ортаны толтырып және шығаратын қондырғы, және де конденсаттан арылу қондырғысы қарастырылуы қажет. Бекіткіш арматураны сауытқа бу, газ немесе сұйықты жіберетін және жібермейтін күбырларға орналастырған дүрыс. Бекіткіш арматураны сауыт пен сақгандырғыш қақпақтың арасына орналастыруға болмайды. Сақтандырғыш қақпақтар қысым рұқсат етілген мөлшерден асып кеткен жағдайда бу, газ немесе сүйықтық артық мөлшерін ауаға шығарып жіберуге арналған. Сақтандырғыш қақпақ оған түсірілген жұмыс көлемін қызмет көрсстетін жұмысшыға үлкейтуге мүмкіндік бермейтін қондырғымен және қақпақты үрлеп тазалауға арналган қондырғымен жабдықталуы керек. Сақтандырғыш қақпақтардың саны, сондай - ақ олардың олшемдері мен өткізу қабілеті сауытта жұмыс қысымынан артықшылығы келесі шамалардан асатын қысым орнамауы есебінен тандалынып алады: 300 кПа (3 кгс/см 2 ) (қоса алғанда) қысымды 154

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==