Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Бөлек гехникалық куәландыру келесі жағдайларда жүргізіледі: - кабина арқаны немесе қарама қарсы күш арқаны ауыстырылғая кезде; - электроқозғалтқыштың техникалық параметрлерін басқа электрқозғалтқышпен ауыстырған кезде; - (лебедки) және тежегішті капиталды жөндеуден өткізгеннен кейін және құрылғы лифтерді қауіпсіз пайдалану ережесінде қарастырылған басқада жағдайларда. Техникалық куәландыру кезінде лифті статикалық және динамикалық сыныққа, бақылауға ұшырау керек. Лифтерсіз кіші және жүк тасмалдайтын лифтерді статикалық сынау лифтің жүк тасу наминалынан 50 пайыз артатын жүктемемен жүргізіледі, Барлық басқа лифтерді статикалық сынақтан өткізу кезінде қолданылатын жүктеме лифтің жүк тасу наминалынан 100 пайыз арту қажет. Статикалық сынақ жүргізу кезінде кабина жоғарыда көрсетілген жүктемемен төменгі жағдайда 10 мин болуы керек. Динамикалық сынақ лифтің жүк тасу наминалынан 10 пайыз асуы қажет. Бұл сынақтар кезінде лифтің барлық механизімдері, тежегіші, ұстағышы және буфері тексеріледі. Лифтерді басқару және олардың жұмысын бақылауды лифтерлер немесе жол серіктеріне (ішкі бакылау кезінде) тапсырылу керек. Лифтерді техникалық бақылайтын электрші 18 жастан асқан, медициналық бақылаудан өткен және лифтерді бақылау бойынша электромеханиктің көмекшісі ретінде алты айдан кем емес тәжірибелік еңбек өгілімі бар, сонымен қатар лифтерді жөндеу немесе өңдеу бойынша алты айдан кем емес тәжірибесі бар тұлғалар бола алады. Бұзылған жағдайда және лифтердің қауіпсіз қозғалысына жауапкершілігін кәсіпорын бұйрығы бойынша инженерлік - тсхникалық қызметкерлер арасынан тандалады. Лифтерге қызмет көрсететін және техникалық бақылайтын лифтерлер және электромеханиктер сәйкес бағдарлама бойынша оқытылуы және мамандыққа баға беретін комиссиясымен аттестациялануы тиіс. Оларға сәйкес куәлік берілуі қажет. Лифтерлер, лифтер диспетчерлері, электромеханиктердің біліктілігін қайта тексеру мерзімді түрде жүргізілуі керек, бірақ 12 айда бір реттен сирек емес, сонымен қатар бір кәсіпорыннан басқасына өткенде, лифтердің қауіпсіз қозғалысына жауапты немесе бақылау инспекторларының талибы бойынша өткізіледі. Кәсіпорындардағы лифтердің барлық түрлері үшін оларды пайдалану ережесі корсетілуі керек, онда: лифт түрі, жүк көтеру жүктемесі, лифтің жүктемелігі асып кетуге тыйым салынуы, лифті пайдалану тәртібі көрсетілуі тиіс. Лифтерді тексеру ай сайын, сонымен қатар жоспарлы ескерту жөндеулері мен тексеру кестесіне сай жүргізіледі. Бұл жағдайларда 152

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==