Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

* Шахта лифтері барлық жағынан және барлық биіктігі қоршалуы тиіс. ЦІахта жабулы және еденді болуы қажет. Шахтаныц жарықталынуы үнемі болуы керек (жұмыстан тыс уақытгарда да). Аз жүк тасмалдайтын лифтерден басқа түрлерініц барлығының түзулегіштер, кабиналар (упорда) түрғанда нсмесе толық сығылған буферде түзулегіш едені мен томенгі шығыңқы бөлігіне дейінгі аралық 750 мм ден темен болмауы керек. Аз жук тасмалдайтын лифтер үшін бұл аралықты 50 мм дейін азайтуға болады. Машина бөлімі ғимаратының осы бөлімде орналасқан механизмдер мен электр қүрылғыларына қауіпсіз қызмет көрсетстіндей болуы қажет. Лифтің кіретін және жүк тасмалдайтын ойықтарын есікпен «абдықтау керек. Шахталардың қосарлы есіктері сыртқа қарай ғана ашылу керек. Қауіпсіздігі жағынан ерекше талаптар кабина құрылғысына қойылады. Аз жүк тасмалдайтын лифтерден басқа лифтердің барлығы үшін кабиналары барлық ұзындықта қоршалуы және 1000 Н аз емес жүкті көтере алатын төбелік жабындысы болуы керек. Кабинаның қоршаулы қалындығы 1,4 мм темен емес қаңылтыр табағымен немесе берік ағаштан жасалынады. Кабинаның қосарлы есіктері тек кабинаның ішіне қарай ашылады. Жүк тасмалдайтын лифтерде жылжымалы есіктер жолақтардан жасалынады. Сонымен қатар есік жабылған кезде жолақ арасындағы санылаулы сәулелер 120 мм ден аспауы керек. Шахта және кабина есіктері, лифт жұмысының келесі қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету үшін электр байланысымен жабдықталуы керек: - кабинаның іске қосылуы және жүруі кабина есігі жабық болған кезде ғана мүмкін; - кабина қозғалысы кезінде, шахтаның қандайда бір есігі немесе кабина есігі ашылуы кезінде соңғысы тоқгау керек. Кабинаны тоқтату немесе бағытталушыга қарсы күш үшін ұстағыштар және жылдамдықты тежегіштер қарастырылған. Олардың қызметі кабина темен карай қозғалған кезде арқандар үзілген жағдайда немесе наминалды жұмыс жылдамдығын арттыруға арналған. { Кабиналарды ілдірігі қою үшін және қарама қарсы күш ретінде пайдаланылатын арқандар бірдей диаметрде және бірдей конструкцияда болуы керек. Жүк және адам тасмалдайтын лифтерде лифтермен бірге 9,5 мм ден кем болмайтын арқандар қолданылуы қажет. Барлык ғимараттардағы (машиналарда, кабиналарда, қабаттар аудаындағы) бақылау, жарықтандыру және сигнал беру жүйесінің желі қуаты 220 В аспауы керек. Лифтерді техникалык куәландырудан өткізу керек: - оны орнатқаннан кейін және сәйкесті органдарға тіркегеннен кейін; - мерзімді, әр 12 айдан аз емес уақытта; - қайта құрастырғаннан кейін жасалуы керек. 151

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==