Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
куәландыруы 12 айда бір реттен сирек емес, ал толық куәландыру үш жылна 1 реттен сирек емес өткізілуі керек. 'Голық куәландыру кезінде жүккөтергіш машина тексерілуі және статикалық және динамикалық сынақтан өткізілуі тиіс. Толық емес техникалық куәландыру кезінде статикалық және динамикалық сынақтар жүргізілмейді. Статикалық сынақ магаинаның жүккөтергіші тігінен 25%-ке артық, ал динамикалық сынақ машинаның жүккөтергішінен 10%-ке артық жүктеуімен өткізіледі. Динамикалық сынақ кезінде жүкті қосымша көтеру және түсіру, сонымен қатар, жүккөтергіш машинанын басқа да механизмдерінің жүмысын тексеру жүргізіледі. Жүккөтергіш машиналары және қосымша жүкүстағыш құралдары бар өндірістерде оларға деген жүйелі түрде тексеру, мерзімді куәландыру, сонымен қатар қауіпсіз жұмыс жағдайының болуы міндетті. Өндірістің бұйрығы бойынша жүккөтергіш машиналардың қауіпсіз пайдаланылуын және олардыц техникалық куәландыруын қадағалайтын инженерлік - техникалық жұмысшылар қатарынан бір өкілі сайлануы керек. Мүндай тұлға сәйкес куәлігі бар инженерлік - техникалық жұмысшы болуы мүмкін. Өндіріс жұмысшылары жауапты адамның барлық нүсқауларын орындауы тиіс. Жүккөтергіш машиналарды үнемі қадағалайтын: машинистер, электромонтерлар және шебер қызметкерлері бекітілуі керек. Оларды жұмысқа емтиханды тапсырғандығы және сәйкес жүмыстарды орындауға қүқығын растайтындығы туралы куәлік бергеннен кейін өндіріс бұйрығы бойынша рәсімделіп жіберіледі. Жүмысшыларға сонымен қатар қауіпсіз жұмыс әдістері туралы нұсқаулар берілуі керек. Лифтар жэне басқа да жүккөтергіш крндырғылар. Көптеген ендіріс орындарында лифтар қондырылғаи және жұмыс істейді. Лифт деп адамдарды және жүктерді котеруге және түсіруге арналған қатты тік бағытгаушылар арқылы қозғалатын тасымалдаушы қондырғыларды атайды. Электрлі лифтердің номинальды жүккөтергіші 50 және одан да жоғары килоірамдағы салмақты лифтерді пайдаланғанда лифтердің қауіпсіз пайдалану және қондыру ережелеріне бағыну керек. Аз жүк көтергіш лифтерге 160 кг астам жүк салмағымен шектелген, еден ауданы 0,9 м 2 — тан аспайтын, және кабина биіктігі 1 метрден көп емес жүккөтергіш лифтер жатады. Мүндай лифтерді лифтердың қызымет көрсетуінсіз пайдаланады. Номиналды жүккөтергіш лифтерге үлкен салмақты жүктерді кетеретін лифтер, және де кабина мен басқа қондырғыларының салмағы номиналды жүктсрдің салмағынан бөлек есептелінеді. Жүк тасмалдайтын лифтер •'үшін аймақ қабаттарынын деңгейінде тоқтау дәлдігі ±15мм тең, ал қалған лифтер үшін ±50 мм тец болуы қажет. 150
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==