Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Жүккотергііи машиналар. Көлемі үлкен әрі ауыр жүкгерді катеру және қозғалту үшін крандар, арбалар, лебедкалар қолданылады. Бұл жабдықтарды жүккөтергіш машиналар деп атайды. Жүккөтергіш машиналарды қүру және пайдалану кезінде өндіріс жабдықтарына деген 12.2.053-91 ЕҚСЖ «Крандар-штабелер. Қауіпсіздік талаптары». 12.2.071-90 ЕҚСЖ «Жүккөтергіш крандары. Контейнерлі Крандар. Қауіпсіздік талаптары», 12.2.087-83 ЕҚСЖ «Электрлік тальдар», қауіпсіздік талаптар стандарттарына, сонымен қатар өндірістегі және ұйымдардағы жүккөтергіш қүралдардың қауіпсіздігін және пайдалануын бақылайтын инженерлік - техникалық жұмысшыларға арналған типті қосымшаға сүйену керек. Бұл қауіпсіздік талаптар стандарттары өндірістік жабдықтардың барлық крандардың түрлеріне, электрлі жүк арбаларына, электрлі және қолдық тальдарға және лебедкаларға, жүк және адамдарды катеру үшін қолданылатындарға, қосымша жүктасығыш қолданымдағы қүралдарға арналған. Жүккөтергіш машиналардың монтаждалуы, электр жабдықтарының пайдаланылуы, жерлендірілуі, сонымен қатар оларға электр қуатыньщ жалғануы «ЭҚЕ электр жабдықтары қондырғыларының ережелері» (ҚР Еңбек және Электр министрлерінің 2004 жылғы 26 тамыздағы №189 бекіткен бұйрығымен), «Техникалық пайдалану ережелері. Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі ТПЕ және ҚТЕ тұтынушыларының қауіпсіздік техникасы ережелеріне» (ҚР Еңбек және Электр министрлерінің 2004 жылғы 26 тамыздағы №190 бекіткен бүйрығымен) сәйкес орындалуы керек. Жүккөтергіш машиналардың барлық бөлшектері мен металлдық конструкциялары коррозиялық жағдайлардан қорғалуы тиіс. Жүккөтергіш машиналарда қолданылатын арқандар, құрастырылу элементтері және тоқ беруші бөліктерден алшақ орналастырылуы керек. Барлық жүккөтергіш машиналар тежегіштермен қамтамасыз етілуі тиіс. Электр жетегіндегі жүккөтергіш машиналарды автоматты түрде тоқтату қондырғыларымен қамтамасыз ету керек (соңғы тоқтатылумен). Соның ішінде, мүндай қендырғылар жүкұстағыш органның және тежегішке жетпестен бұрын жебенің катеру механизміне қарастырылуы керек. Жұмыс істеп тұрған болат арқандардың (тростардың) бұзылуы болат арқандардың бұзылу нормаларына сәйкес, бір қадамның ұзындығындағы арқандардың оралуындағы үзілген сымдар санымен өлшенеді. Жүккөтергіш машиналарды, сонымен қатар, баска да көмекші жүккөтергіш құралдарды жоғарыда көрсетілген техникалық ережелерге сәйкес техникалық куәландыру және тіркеуден кейін ғана жұмысқа жіберуге болады. Жүккөтергіш машиналардың толық емес техникалық
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==