Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
бағыттаушылары валиктерді ұяларында ұстап тұру үшін өзара берік байланыстырғыпітармен қосылуы керек. Жүкті түсіретін таспалық тасымалдауыштар мен трассалық еңкіштігі 15° асатын роликті тасымалдауыштар жүктердің жылдамдығын басу үшін тежегіш бөліктермен және берік шектегішпен жабдықталады. Тасымалдауышты келтіру тиеу алаңының маңында орналасатын қосу қондырғысымен қамтамасыз етілуі керек. Әр - түрлі өндірістік жарақаттардың алдын алу үшін, конвейрлер мен тасымалдауыштарды қоспас бұрын сигнал беру арқылы дыбысты ескерту берілуі керек. Көлденең негізгі жазықгығы бар рольганг пен тасымалдауыштардың борттық қармаулараның өлшемдері келесідегідей болу керек: бүл механизмдердің жүмыс жазықтығы еденнен 2 метр биіктікте орналасса, жүктің сипатына байланыссыз немесе жеке жүктерді тасымалдағанда, жүк салмағы 5 кг дейін және биіктігі еденнен 1,2 метр болса, 0,6 метр еденнен биіктікте, салмағы 25 кг дейін жеке жүктерді тасымалдағанда 0,2 метр биіктікте, салмағы 100 кг артық жүктерді тасу кезінде борттың биіктігі 150 мм болуы керек. Шикізат, жартылай дайын шикізат пен дайын өнімдерді тасымалдау үшін тізбекті итергіш кеңістік конвейерлер қолданылады. Басты магистральды конвейерлермен қатар жіп коймалары мен дайын өнім қоймаларын жүмыс орнымен тікелей қосатын кешенді конвейерлер де жөндеуден өткізіледі. Барлық тасымалдаушы механизмдер жүмысқа қосылар алдында өнеркәсіп бойынша бүйрықпен бекітілген әкімшілік өкілімен тексерілуі керек. Механизмдердің дұрыс жүмыс істейтіндігін тексеру кезінде техника қәуіпсіздігі бойынша инженер, көлік жүргізушісі, механизмге қызмет көрсететін монтер мен слесарьлар болуы керек. Бүдан басқа кездегі механизмдерді жөндеуден кейін, басқа жерге көшіруден туындаған ақауларды жөнге келтіргеннен кейінгі, жалпы жөндеулерден өткізгеннен кейін, қозғалыс немесе электр күштік көрсеткіштерді ауыстырғаннан кейін де осы адамдар механизмдердің дүрыс жүмыс істейтіндігіне куәләндірілуі керек. Техникалык тексеру қүжаттары көліктік қондырғының техникалык қәуіпсіздік құралдарымен жабдықталуы деңгейін және олардын сенімділігін сипаттайтын арнайы болімдерден тұрагын акт ретінде рәсімделеді. 18 жасқа толған, медициналық текссруден өткен, мамандандырылған және сәйкесткндірілген сыннан өткен тұлғалар ғана электрокар, аккумуляторлы тартқыш және тиегіштердің жүргізушілері бола алады. Есту және көру мүшелерінде ақаулары бар адамдар жүргізуші ретінде жұмыстарға жіберілмейді. 148
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==