Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Электр тиегііп көліктер жіп салынған қораптарды қойма ішінде тасуға өте қолайлы. Олармен машиналардан жіп салынған қораптарды түсіргенде, және де жәшіктерді штабельдерге орналастырғанда қолдануға болады. Тиегіш, электрокар не.месе едендік тартқыштың реттелген және тең жылдамдығы 3 км/сағ аз емес және 6 км/сағ көп емес аралығында ғана болуы қажет. Қозғалтқыштың қоректенетін аккумуляторлық батареясын машинаға орнататын арнайы құралдары бар қорапқа немесе контейнерге орналастырылуы керек. Электрокар, тиегіш пен тартқыштарды қозғалысқа келтіру үшін аккумуляторлық батереядан қоректенетін түрақты тоқ электроқозғалтқыштары қолданылады. Бұл транспорттық құралдардың электрожүйесінің қуаты 36 В - тан аспауы керек. Электрокарлар, тиегіпггер мен тартқыштар дыбыстық және жарықтық белгілермен жабдыкгалады. Жүргізуші кеткен кезде механизмді қол тежегішіне қойып, электроқозғалтқыштың қоректенуін арнайы кілтпен өшіріп, кілтті қалдырмай өзімен бірге алып кетуі керек. Көліктік механизмдерде қолданылатын аккумуляторлардың қуаттануына ерекше көңіл бөлген жөн. Бүл кезде «Электр қондырғыларының ережелерін» устану керек. Аккумуляторлы орындарда химикаттарды (сілті, қышқыл) сақтау үшін ауданы 4 м 2 аз емес арнайы бөлмелермен жабдықталады. Химикаттармен байланысты жүмыстарды орындау үшін қызмет көрсететін адамдар жеке қорғаныс құралдарымен (резіңке қолғап, алжапқыш, көзілдірік) камтамасыз етілуі керек. Аккумулятор қуаттары іске асатын бөлмелерде отпен жүмыс істеуге, темекі шегуге, шырпы түгатуға тыйым салынады. Көрсетілген бөлмелерде «Аккумуляторлы», «Отқа қауіпті», «Отпен кіруге болмайды», «Бөтен адамдарға кіруге болмайды», «Темекі шегуге болмайды» деген сияқты белгілер, плакаттар ілінеді. Электрокарлар, тиегіштер мен тартқыштар ең жоғарғы (максималды) жылдамдықпен көлденең бетте қозғалған кезде бос механизмнің 0,5 метр тежелу жолымен толық тоқтауын камтамасыз ететін тежегішпен жабдықталуы керек. Тасымалдауыштар, рольгангтер, конвейерлер. Бұл келіктік қүралдар шикізаттарды, жартылай дайын шикізаттар мен баска да заттарды тасымалдау үшін қолданылады. Олар 12.2.022-80 ЕҚСЖ «Конвейерлер. Жалпы қәуіпсіздік талаптары» өндірістік қүрал - жабдықіарға арналған қәуіпсіздік талаптары стандарттарына сай болуы керек. Рольганг бойынша тасымалданатьгн жүк, кем дегенде екі дөңглекке тірелуі керек. Тасымалдауыштар мен рольганггердін көлденең 147
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==