Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Едендік арбалардың қозғалысының қалқуы мен еден жабылғысының сақталуы үшін дөңгелектердің доғасын резеңке немесе басқа да жемірілуге түрақты материалдармен қаптау үсынылады. Егер арбаның жүк көтергіштігі 200 кг артық болса, онда бүл талап міндетті болып табылады. Негізгі дөңгелектерді, жүмысшылардың аяғын басып кетуден қорғау үшін, арба габаритінің ішінде орналастырған дұрыс. Арбалардың артқы жағында арба - сүйретпелерде еденнен 0,6 — 0,7 метр биіктікте қолайлы түтқалар жэне қалған арбаларда 0,9 — 1,2 метр биіктікте тұтқалар қарастырылуы қажет. Арбаның қабырғасының биіктігі, арнайы есіктер болмаса, еденнен 1 метрден аспау керек. Монорельсті арбалар. Бүл арбалар қолмен жылжытылады. Оларды тоқтатудан кейін қозғалып кетуінің алдын алу үшін тежегіш қондырғылармен қамтамасыз ету керек. Монорельсті жолдар көлденең болуы керек және 10 метрден аспайтын үзындықта 6°-қа дейін еңкіштігі бар бөліктері болуы мүмкін, Бұдан да артық еңкіштікті қамтамасыз ету керек болған жағдайда, мнорельсті арбаларды көтеріп - түсіретін механикалық немесе қолмен жүмыс істейтін биіктік компенсаторларының қүрастырылуын қараған жөн. Және де монорельсті жолдармен қозғалатын электр поездының қолданылуын таптық. Мұндай электр поездары багдарламалық басқарулармен қамтамасыз етілген. Жүргізушісіз электр поезының қозғалу карқыны 30 м/мин. аспау қажет. Қиындық болған жағдайда поездың автоматты түрде тоқгауы үшін сақтандырғыш қондырғы қүрылғысы болу керек. Ол 20 Н -ға дейінгі күш эсер еткенде қосылуы керек және электр поезының беткі аспасының бөлігін немесе тиелген жүкті жабатындай елшемдерге ие болу керек. Сақтандырғыш қалқанды 15° көп емес бүрышқа қарай монорельске перпендикуляр жазықгықта орналасгырған дұрыс. Қалқанның жүмыстық шеті еденнен 1,2 метрден артық емес биіктікте орналасуы керек. Монорельсті жолдардың тұйықтама бөліктері арбаның немесе электр поезының қозғалуын болдырмайтын шектегііптермен жабдықталуы керек. Және де арба немесе электр поезы тұйқтамаға жетпей тоқтауы тиіс. Электрокарлар, тиегіштер жэне едендік тартцыштар. Бүл цех ішіндегі келік түрлерін көбінесе жіп, ыдыс жартылай дайын өнімдер, иістер қоймаларында, сондай - ақ, шикізат тасымалдау үшін бояу өңдеу өнеркәсібінде қолданылады. Олар келесі өнеркәсіптік құрал - жабдықтардың қәуіпсіздік талаптары стандарттарына сәйкес болуы қажет: 12.2.053-91 ЕҚСЖ «Кран-штабелерлер. Қэуіпсіздік талаптары», 12.2.071-90 ЕҚСЖ «Жүк көтергіш крандар. Контейнерлік крандар. Қәуіпсіздік талаптары», 12.2.087-83 ЕҚСЖ «Электрлік тальдер». 146
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==