Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Баллондарды тасу үшін арнайы арбаларды, ал сұйықтық толтырылған ботелкелерді тасымалдау үіпін — өрілген себеттерді қолданады. Баллондар мен бөтелкелерді қолмен немесе иықта көтеріп тасымалдауға тыйым салынады. Сондай - ақ, жүктерді сатымен және жеңіл баспалдақпен тасығанда зембілді қолдануға болмайды. Көлденең жолмен зембілді қолданып жүк тасу тек 50 метрдей арақашықтықта ғана рұқсат етіледі. Тиеу — түсіру жүмыстарының барлық түрлеріне арналған жалпы ережелер: - жұмыс жүргізілетін орынды тұрақты және жеткілікті (орнатылган нормаларға сәйкес) жарықтандырумен қамтамасыз ету; - жүмысшыларды жеке қорғаныс құралдарымен (қолғап, көзілдірік және тағы да басқалай), еңбек құралдарьгмен және де керекті аспаптармен қамтамасыз ету; 6.2 Цех ішіндегі тасымалдауышіар Цех көліктерін пайдалану және құру кезінде текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының цех көліктерін орнату мен қолданудың техникалық қәуіпсіздік талаптарын қолданған жөн. Цех көліктері шикізат, дайын өнім, ыдыстар және тағы басқаларды тасымалдауда кең қолданылады. Бүл үшін едендік және монорельсті арбалар, тиегіштер, электрокарлар, электротельферлер, электропоездар, тасымалдаушылар мен баска да механизмдер қолданылады. Механизмнің негізгі қүрылысы мен бөлшектерінің беріктігін максимальды жүккөтергіштігіне байланысты анықтайды. Механизмдерді қәуіпсіз қолдану үшін өту жолдарының арақашықтығы жеткілікті кең болу керек. Аспалы көліктік қондырғылар жүмыс орнының устінде (төбеде) орналаспауы керек. Егер ендірістік жағдайда бұның орындалуы мүмкін болмаса, онда жүк таситын аспалы көліктік қондырғылардың жүру жолдарын еденнен 2 метр биіктікте, жүк таситын көліктерді қоршап орнату керек. Шикізат пен жартылай дайын өнімдерді тасымалдау үшін өнеркәсіптерде жиі жүк люктері орнатылады. Бүл жағдайда едендегі ойықтар барлық өлшемдері бойынша қоршалу керек. Төменде цех ішіндегі көліктердің түрлері мен қолданылуы £ қарастырылған. Едендік арбалар. Едендік арбалар едені тегіс цехтарда жүктерді I тасымалдау үшін қолданылады. Сондықтан, әкімшілік еден жабылғысының жақсы жағдайда болуын қадағалауға міндетті. 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер қол арбалармен жүкті тасымалдауға жіберілмейді. 145
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==