Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
фабрикаттарды, косалқы бөлшектерді және басқаларды тасымалдау қажеттілігі туындап отырады. Тиеу - түсіру жұмыстары жүргізілетін алаң қауіпті аймақ д еі| белгіленіп, қоршалуға алынады. Алаңда «жол жоқ» плакаты ілінеді. Алавда еңбектің қәуіпсіз әдістерін ұйымдастыру үшін жауапты адам болуы керек. Түрлі өнеркәсіптік жағдайлардағы жүктерді тиеу, түсіру және орнынан жылжыту 12.3.009-76 ЕҚСЖ «Тиеу - түсіру жұмыстары. Жалпы қәуіпсіздік талапттары» және тиеу - түсіру жүмыстары бойынша ережелер мен нұскауларға сәйкес жүргізілуі керек. Жүктерді және жүккөтергіш қондырғыларды дұрыс пайдаланбау, бүйымдарды дүрыс емес қозғау және орналастыру, тез жанатын және жарылысқа бейім заттарға немқүрайлы қарау бақытсыз жағдайлардың себебі болуы мүмкіи. Тиеу - түсіру жүмыстары цех көлігінің тегіс, еңіссіз бөлігінде немесе қоймалардың арнайы алаңдарында жүргізілуі керек. Салмағы 80 кг асатын жеке жүктер тасымалдаушы механизме 3 метрден аспайтын биіктікке дейін ғана тиелуі керек. Жіп, ыдыс немесе басқа материалдар бар жәшіктерді тиеу немесе түсіру кезінде құлатып алмау үшін бір - бірден алу керек. Шикізат, ыдыс, дайын онім немесе басқа материалдарды қоймаға орналастырған кезде штабельдер мен стеллаждардың арасындағы арақашықтық бас жол үшін 2 метрден кем емес және 1 метрден кем емес басқа жолдар үшін болуы керектігін ескерген жөн. Штабельдің биіктігін қойма бөлмелерінің жабуларына рұқсат етілген салмақ мөлшеріне, қапгама түріне және бір орын салмағына байланысты қабылдайды. Лғаш жәшіктерге салынған жіптерді екі қатардан артық қоймаған дүрыс. Ауыр жүктерді тасу кезінде келесі талаптарды орындау керек: - бір адамның тегіс және көлденең бетте қолмен жүк тасуының піекті нормасы орнатылған нормалардан аспау керек; - 18 жасқа толмаған тұлғаларга ауыр жүк тасу бұл жұмыс мамандығымен байланысты болған жағдайда ғана рүксат етіледі, және материал, шикізат және басқа заттарды тасымалдауга кететін уақыт жұмыс уақытыныц ’ /3 - бөлігінен аспау керек; -16 жасқа дейінгі жасоспірімдерге ауыр жүк тасуға болмайды; - еңкіш беттерде жүк тасымалдаған кезде оның тік бойына биіктігі 3 метрден аспау керек, және де іитабельден еңкіштің төменгі жеріне дейінгі қашықтық көтерілу биіктігінен 3 есе үлкен болу керек. Жүктерді үлкен кашықтықтарға тасымалдаған кезде (25 метрден артық), жұмысшыға қарапайым көлік құралдары (арба, сүйрстпе, вагонеткалар) берілуі керек. 144
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==