Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
«Өнеркәсіптік тігін машиналары. Байқау әдістері мен техника қауіпсіздігі» сәйкес келуі керек. Тігін цехында жұмыстьщ қауіпсіздігін үйымдастыру кезінде, конвейерлердегі, 12.2.062-81 ЕҚСЖ «Өндіріс жабдықтары. Қорғау қоршаулары» сәйкес келетін тігін маиіинасындағы қоршаулардың ясағдайына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Тігін цехтарында қоршауларға жататындар: конвейерлердегі қозгалқыш станцияларының механизмдері, трансмиссиялық біліктер, белбеулік беріліс, фрикциондар. Қозғалтқыш станцияларды басқару бір орында орналасу керек, ал конвейерді тоқтату үшін конвейердің бастапқы және соңғысында қондырғыны қолдану керек. Барлық тігін машиналар инемен қолды тесіп алудан қорғайтын құрылғылармен жабдықталған болу керек. Басқада машиналардың барлық айналмалы бөліктері қаптамалармен қоршалған болу керек. Сонымен қатар түймелі машиналар жұ.мысшыларды түйреуішпен және ине сынықтарымен жараланудан қорғайтын жылтыр кішкентай қалқандармен жабдықталған болу керек. Тігін конвсйерлердің жұмыс орнының беті тегіс, қабыршақтарсыз және кедір - бұдырсыз болу керек. Басқару педалі еденнен 120 мм биіктікте орналастырылған болу керек және беті тайғақ болмау керек. Педальға керу күшейткіші 27 Н (2,7 кгс) жоғары болмау қажет. Тігін цехтерде тігін жабдықтарынан басқа үтіктер, пресстер, ауалық манекендер және бұйымдарды формалауға арналған қондырғылар болады. Үтіктейтін жүмысшының қауіпсіздігі үшін үтік астындағы тіреуді өңделетін детальдармен бір деңгейде орналастыру керек. Тіреудің үш жағында да бортик болу керек. Үтіктің ұстағышы тоқ өткізбейтін және қызбайгын материалдан жасалғаны жөн. Үтіктің металл баліктері жерге қосылган болу керек. Бақытсыз жағдайды болдырмау үшін пресстер тек екі қолмен батырманы (рычагтар) басқан кезде ғана жабылуы керек. Олар жабылған пресстердегі рычаггары түзелмеген кезде жоғарғы жастықтардың жығылуын ескертетін сақтандырғыш қондырғылар болу керек. VI. ТЕКСТИЛЬ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСШ КӘСШОРЫНДАРЫНЫҢ КӨМЕКШІ ЖӘНЕ ҚОСАЛҚЫ ЦЕХТАРЫНДАҒЬІ ҚӘУІПСІЗДІК ТЕХИИКАСЫ 6.1 Тнеу - түсіру жүмыстарынын ұйымдастырылуы және іс — әрекеттері Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының көмекші және қосалқы цехтарында жүйелі түрде шикізат пен бастапқы
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==