Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Каландрамен қызмет ету кезінде бұл операция өте қауіпті болып табылады. Күйдіріп алуын алдын ала ескерту негізінде жартылай фабрикаттың булы ылғалдағышын және фильцкаландрді қозғалғышты сақтандырғыштармен қамтамасыздандыру керек. Тегіс рамалар қабыршақтарсыз, жұмсақ болу керек. Жұмысгы бастамас бұрын тіреуіштерге жүктерді бекіту сенімділігін, манометрдің көрсеткішін және тегіс рамалардың түзулігін тексеріп отыру керек. Егер машина жүмыс істеп тұрған кезде қысым 400 кПа (4 ат) дан жоғары болса, онда үтік буына берілетін вентильді жауып тастау керек. Көлденең каландраларға қарағанда тік каландралармен қызмет көрсету өте қиын. Бірақ тік каландрада пайдалану қауіпсіз, яғни сол кезеңде соңы болгандықтан матаның кезектегі бөлігі рамаға киіледі. Тік каландрамен қызмет көрсетуші әйел машинаның қауіпті түйініне сирек жақындайды. Қырқуга арналган жэне ворсовка машиналары. Қырқуға жэне түстеуге арналған машиналармен жүмыс істейтін орындар жалпы және жергілікті сорылатын желдеткіштермен жабдықталған болу керек. Машинадан сорылған шаңданған ауа атмосфераға тастамас бұрын «өндіріс орындардағы ауаға санитарлы -эпидемиологиялық талаптар» (ҚР денсаулық сақтау министрінің бекіткен 2005 жылғы 14 шілдедегі № 355 бұйрығымен) және «Атмосфералық ауаға санитарлы эпидемиологиялық талаптар» (ҚР денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 18 тамыздағы № 629 бүйрығымен) сәйкес тазаланған болу керек. Қырқуға арналған және түктеу машиналарда міндетті қоршауларға жататындар: жақтық берілістер, барабандар, пышақтар. Қоршаулардың жинайтын және лақтыратын беліктері мапіинаны тоқтатуға және жіберуге арналған қүрылғылармен блокталған болу керек. Түктеу машиналардың инемен жамылған біліктерін және қырқуға арналған машиналардың пышақтарын арнайы оқыған жұмысшылар ғана қайрай алады. Жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру үшін айналып жатқан түтіктерді және қарма қарсы түтікті біліктерге, айналып жатқан шкивтерге, тісті доңғалақтарга, сонымен катар мата бөліктерінің тігу операцияларына үлкен көңіл белу керек. Машина жүріп жатқан кезде матаның бүрмелеуін түзетуге болмайды. 5.5 Пішу және тігін цехтары Пішу цехы. Пішу қондырғымен қызмет көрсету кезінде, өндірістік үйымның талап етуін қақпайлау үшін, жабдықтың күйін жүйелік бақылауда және 12.2.013.5-91 ЕҚСЖ «Қолды электрлік машиналар. Дискілі пышақтарды қолдану әдістері мен техника қауіпсіздігі» сәйкес оны пайдалануда қауіп қатер қатары туындауы мүмкін. Ең алдымен бұл 141

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==