Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Жұмысты бастамай тұрып өлшеу құралдарының, булы, су және ауалық вентильдеріиің түзулігіне көз жеткізу керек. Машинаның жұмыс істеу кезінде кептіруде қысымы мен температурасы 600 кПа (6 ат) және 96° С жоғарламау керек. Лентаны қысу жұмысы кезінде киім мен қолды басып алудан алдын-ала қорғану үшін жұмыстың дұрыстығын қадағалап отыру керек. Апаттық жағдайда апаттық тоқтатуды қолданады, сонымен қатар автоматгы тоқтатудың батырмасын басқаннан кейін біліктердің айналуына жол берілмейді . Зақымдануды болдырмау үшін мыналарға тиым салынады: - машиналардың қозғалғыш (біліктерді қабылдағыш және жібергіш біліктерінің, компенсатор білігінің, транспортерлі бауларының, беріліс механизмінің тұтқасына және қысқышына, жылжығыш құбыр өткізгішке) бөліктеріне жақындауға; - шебердің көмекшісі мен шебердің көмегінсіз трафления өндіру; - машиналар жұмысы кезінде электр шкаф есіктерін және насосты станцияларды шешу. Раклдарды (текстильлы басылым машинасындағы баспа біліктің бетіне түскен бояуды кетіретін болат сызғыш) және трафареттерді машина нақты тоқтағаннан соң шешу керек. Центрифугалар. Цкнгрифуна - сыртқа тепкіш күш арқылы аралас затты құрама белшсктеріне ажырататын аппарат. Центрифуганы пайдалану кауіпсіздігінің қажетті шарттары: центрифуганың, ұйкелме дисклердің, шкивтердің және қозғалтқыш қайыстардың төменгі беріліс қоршалулардың түзулігі мен бар болуы; - центрифуганың қақпағында машинаның толық тоқтатқанға дейін оның ашылуына мүмкіндік туғызатын автоматты ілмектің түзулігі; - қакпақты өздігінен жіберу қабілеттілігінің түзулігі және бар болуы; - центрифуганың өздігінен жіберуді қамтамасыздандыратын ілмектің жіберу құрылғысындағы түзулігі және бар болуы; - тиеуді және центрифуганың себетінде шекті жіберілетін айналу жиілігінің жоғарлатуға тиым салуы (шекті жіберілетін айналу жиілігінің корсеткіштері және тиеулер машина құжатында көрсетіледі және цехта ілінген болуы керек). Центрифуганың тежеу қүрылғысы кәрзенкенің айналуын тез және жылдам тоқтату қажет. Қызметкердің қәуіпсіздігі үшін жүмысты дұрыс үйымдастыру үлкен мағынаға ие. Центрифуга толык тоқтаганнан кейін ғана жартылай фабрикатты тиеуге және түсіруге болады. Арнайы тежеуіштен басқа қандайда бір әрекетпен центрифуганы тоқтату өте қауіпті. , 138
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==