Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Жұмысшылар үіпін оның ыстық бөліктері, машинаның есігі, электр жабдығы және басқару пульті қауіпті аймақ болып табылады. Жұмысшылар және шсбер көмскшілері тегіс болуға тиіс беттерінің, түрлерінің қатаюын, сонымен қатар машина еткелдерінің түзулігін қадағалау керек. Машина жұмыстарында тек қана қолғаппен жүмыс істеген дүрыс . Бақытсыз жағдайдың пайда болу ықтималдылығы камераға каретканы (жылжыма бөлігін) кіргізу кезінде туындайды. Каретка мен есік арасында қолдың қысылып қалуына жол бермеу керек. Қауіпсіздікті қамтамассыздандыру үшін әрбір түріне шүлықты кигізу кезінде бірлік машрутты қадағалау керек. Біруақытта екі түрден көп емес ауытқулар жасау керек. Бояу барктері және аппараттар. Бояу барктер мен аппараттарды ауа желісі арқылы жергілікті желдеткішке қосу керек. Бояу барктер мен аппараттардың қабырғаларында борттар арқылы сүйықтықтың толып кетуін ескертетін араластырылған саңылаулар болу керек. Бояу апараттарындағы айналатын бөліктер, буды және суды өткізетін қүбырлар, барабан бетімен жүмыс істеген кездегі ыстық су өткізетін құбырлар қауіпті жерлер болып табылады. Текстропты берілістің барлық жақтары қоршалған болу керек. Қақпақтардың түзулігіне және барабан саңылауларына ерекше көңіл белу керек. Электрқозғалқышты өшірген кезде ғана аппараттарды тиеуге және түсіруге болады. Сонымен катар барабан секциясының қақпақтары және қаптама қакпақтары қабылдамағанға дейін ашық болу тиіс. Барабандар барлық секция бойынша қатаң орнатылған нормаларга сәйкес біркелкі тиелу керек. Электрқозғалтқышты қосқанға дейін секция қақпақтарындағы қорғандардың түзулігін мүқият тексеру керек. Аппаратты жібергеннен кейін барабанға жақындамау керек. Зақымдауды болдырмау негізінде барабанды тоқтату үшін маховикті аяқпен тежемеу қажет, сонымен қатар ашық булы крандағы қаптама қақпақтарын котеруге болмайды. Қайнап жатқан ерітіндінің қаптама жақтары арқылы сыртқа шықпауын, ал бояғыш затты қайнату кезінде — кішкентай бак жақтары арқылы шықпауын қатаң қадағалаған дүрыс. Барктер мен аппараттарда жұмыс істеген кезде резеңке етіктермен, резеңке алжапқыштармен, ал химиялық заттармен жүмыс істеген жағдайда — қорғаныс көзілдірікпен қызмет ету керек. Арқанды жіпті дайындау баркасында қызмет еткен кезде маталарды бояу және ағарту үшін, есікті түсіру және көтеру күрылғының түзулігіне, сонымен қатар баркке бояудың жіберілуіне көз жеткізу керек. Барка айналасынан ерітінділер атқылап шығатындай қатты қайнап жатқан кезде, сонымен қатар ыстық булы құбырға жүмысшылардың жақындауы оте қауіпті. Сондықтан сүйықтық деңгейін ретгеуішінің 135

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==