Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Көлденең қайнатылған ыдыстарға қызмет ететін электротельферлер және арбашалар көлік қозғалысы кезінде қосылатын сигнал беру жүйесімен жабдықталған болу керек. Қайнатылған ыдыстың қақпағын ашар кезде, қақпақтың қүлауына жол бермейтін арнайы құрылғымен жабдықталады. Қайнатылған ыдыспен және ағартуға арналған аппаратармен қызмет көрсету кезінде жұмысшы жағынан жоғарғы жауаптылықты талап етеді. Бұл жабдықтармен жұмыс істеу кезінде жеке қорғаныс құралдарын қолдану керек (көзілдірік, резеңке алжапқыштар және қолғалтар және тағы басқадай қорғаныс бұйымдары). Қақпақты жабу және түсіру кезінде арнайы белгіленген орынга апарып қою қажет және де оны ілінген күйде қалдыруға болмайды. Мерсерлеу машиналары. Мерсерлеу машиналары - жібек жылтырап тұру үшін оны зермен өңдеуге арналған машина түрі. Мерсерлеу машиналары орналасқан орынның едендерінде ағынды су каналына сұйықтықтар ағынын құюға арналған еңістер болу керек, яғни оны жүйелі түрде тазалап және сумей жуып тазартып отыру керек. Мерсерлеу машиналарына сілті ерітінділерін құбырлар арқылы жіберу керек. Цехта көзге улы заттарды тигізіп алған жағдайда көзді жуу үшін немесе гидрантпен және химиялық күйген жағдайда теріні жууға арналған кішкене ағыс суы бар фонтандар құрылған болу керек. Мерсерлеу машиналарында қьимет көрсету кезінде қауіпті жерлерге тісті шиналар және клиноременді берілісі, 4000 кПа (40 ат) дейінгі қысымдағы ыстық суды және буды жеткізетін құбырлар жатады. Жұмыс істеу алдында мерсерлеуші крандардың түзулігін тексеру керек. Ақаулар табылған жағдайда жұмыс істеудің қажеті жоқ. Егер крандар жөнделмеген болса, насостың жұмыс істеу кезінде ағуы жоғарлайды. Иірілген жіпті мерсерлеу үшін көздің және қорғанбаған дене бөліктерінің күюіне әкелуі мүмкін сілті ерітіндісі қолданылады. Сондықтанда мерсерлеушілер барлық жұмыстарды резеңке етіктерде, резеңке алжапқыштарда, резеңке қолғаптарда және қорғағыш көзілдіріктерде орындау керек. Иірілген жіпті жабуға арналған күрекшелер тегістелген, қол жараларынан құтылу негізінде қабыршақтарсыз және иірілген жіптер бүзылмаған болу керек. Мерсерлеушілер машиналарды бұзылған кезде өздігімен жөндемейді және жабдықтарды майламайды. Мұндай жөндеу жұмыстарымен мамандандырылған механиктер ғана айналысады. Машинаның айналатын бөліктерін ұстауға және сығылған валмен түсіретін иірілген жіпке жақындауға болмайды. Капрондық шұлықтардың турақпіануына ар налган буландыргыш машиналар. Буландырғыш машиналар 120° С температура кезінде жоғарғы бумен капрондық ^шұлықтарды тұрақтандыру және буландыру үшін арналған. 134
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==