Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Техника қауіпсіздік ережесі өндірістік санитария жабдықтарына сияқты, бояуды - өңдеу цех орындарында да жоғарғы талаптар қатарын көрсетеді. Бояуды - өңдеу цехтар, copy желдеткіштерімен жабдықталған, технологиялық құрылғылармен құрастырылған оқшауланған жерде орналасуы керек. Бояуды - өңдеу цехтарындағы едендер сүйықтық ағынына арналған еңіспен су өтпейтіндей болу керек. Сонымен қатар бояуды - өңдеу цехында сұйыктық ағынына арналған еденмен бірге біркелкі қалқандармен жабылатын каналдар орналасады. Еденнен 2,5 м биіктегі өнір керамикалық плиткамен қапталған болу керек. Бояғыш заттарды оқшауланған жерде сақтау керек және сорылатын шкафта оларды беліп - бөліп қою керек. Салмағы 50 кг дейінгі бояғыш затты орау кезінде, оларды көпшілік стеллажда сақтау керек, ал бояғыш заттардың салмағы 50 кг жоғары болса — онда бір қатарлы стеллажда сақтау керек. Стеллажға бояғыш заттардыц жүгін тиеу механикаландырылған болу керек. Қаптамада бояғыш заттың атын жазу керек. Химиялық материалдарды сақтауға арналған орындарда табиғи желдеткіштер болу керек, ал ерекше улы химиялық материалдарды сорылатын шкафта сақтау керек. Бояғыш заттарды желдеткішпен жабдықталған, оқшауланған орындарда дайындаған дұрыс. Еденнен 2,5 м биіктіктегі вңір керамикалық плиткамен қапталған болу керек. Бояуды қайнатумен жұмыс істейтін бөліміндегі жұмысшыларда, жұмысшыларды қорғау құралдарының қауіпсіздік стандарт талаптарына 12.4.011-89 ЕҚСЖ «Жұмысшыларды қорғау қүралдары . Жалпы талаптар мен классификациялар» сәйкес арнайы киімдер, резеңке етіктер, және қолғаптар болу керек. Сілтілермен және қышқылдармен жұмыс істеу кезінде, қорғаныш кезілдірікпен жұмыс істеу қажет. Қайнататын ыдыстар және агартуга арналган аппараттар. Құбырдың және жылытқыштардың ыстық беттері , қайнататын ыдыстар жылу изоляциясымен жабылған болу керек. Изоляция қабатындағы бетінің температурасы 45° С жоғары болмау керек. Булы және су өткізгіш құбырлар әр түрлі түске боялған болу керек. Біліктерді және насостардың тісті доңғалақтарын қоршау керек. Иірілген жіпті немесе матаны қайнап түрған ыдысқа тиеу және оларды түсіру жүмыстары механикаландырылған болуы тиіс. Ыдысты жұмысқа жіберер алдында шебер немесе шебер көмекшісі онда адамның жоқ екендігін тексергені дүрыс. Қызмет көрсету ыңғайлы болу үшін тік ыдыстардың айналасына қанаттары 1 м кем емес биіктіктегі сатылар, төменінде 15 см кем емес биіктіктегі жүргізілген жаппай тігісті арнайы алаңдар жасау керек. 133

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==