Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
5.3 Түткіш, иіретін, текстиль және басқа негізгі өндіріс цехтары Кезкелген технологиялық қондырғылардың қауіпсіз қызмет етуінің жалпы шарттары: - машинаның өздігінен қосылуын толықтай тоқтатуға тиіс қосу құрылғының түзулігі; белбеулік берілістің және шынжырлы, айналдырғыш бөлшектердің, электрқозғалтқыштардың қоршалуы; - жабдықтарды жүйелі профилактикалық жөндеу; - жұмысшы қабылдауларды дұрыс орындауы; - электр аппаратураны электромонтер ғана аша алатын белек металл жәшікте орналасуы керек; - иегізгі ажыратқыш өшірілген кезде және машина тоқтап қалған кезде электрлік жүйені электромонтер ғана жөндей алады; - электр жабдықтардың күйін және жерге кондыру жүйесінің түзулігін жүйелі бақылау; - жұмыс уақытында ұшқындай алатын электрлік құралдарды (ажыратқыштар, байланысқыштар, реле), 6 айда бір рет мұқият тазалау және сонымен қатар байланыстың және оңашалау күйін тексеру; - машинаны жөндеу, тазалау, майлау кезінде және қоршауды алу қажетті жағдайда машинаны тоқтату керек және қозғалтқышты токтан ажырату керек; - машинаны жөндеу кезінде аспап түзетілген күйде болу керек; - жұмыс уақыты кезінде жөндеуге және жұмыс уақыты кезінде машиналар арасында жүруге болмайды. Егер жөндеуде ұқсастық болса, онда екі жақын тұрған машинаны тоқтату керек; - машинаны жөндеп болғаннан кейін, оны қосуға (байқауға) жөндеген адам гана косуға (байқауға) құқығы бар; - қызметкерлер және шебер көмекшілері оқу кезінде жабдықтың қауіпті жеріне ерекше назар аударады; - бригададағы барлық жұмысшылар үшін шебер көмекшісі жауапкершілікте болады. 5.4 Бояу - өңдеу цехтары Бояуды - өңдеу цехтарында бақытсыз жағдайдың орын алу қауіпі басқа цехтарға қарағанда жогары, дәл осылай бақытсыз жағдай тек кана қозғалғыш механизмдер әсерінен ғана болмайды және сонымен қатар келесі себептерге байланысты туындайды: өндіріс жабдығында ыстық беттерінің бар болуы, 90° С дейінгі температурадағы ыстық суды және буды қолдануы, химиялық заттарды қолдануымен (қышқылдар, сілтілер және т.б.). Жүмысшылардың электрлік тоқпен тигізу қауіпі жоғары болады. 132
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==