Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Осы алаңдар мен баспалдақтың төменгі бөлігі үшін биіктігі 15 см тӨ мен емес керең шектеулерді қолдану керек. Әйел қызметкерлерінде және шебер көмекшілерінде қажетті уста аспаптарының бар екендігіне ерекшс көңіл белу керек. 5.2 Кәсіпорын қоймаларын еңбек қауіпсіздігі бойынша ұйымдастыру талаптары Иірілген жіпті, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімді және әртүрлі материалдарды тасу кезінде және стеллажға немесе штабельге оларды салу кезінде бақытсыз жағдай болуы әбден мүмкін. Сондықтан да ендірістік процестерде қауіпсіздік стандарт талаптарына сәйкес 12.3.009-76 ЕҚСЖ «Тиеу - түсіру жұмыстары. Жалпы қауіпсіздік талаптары», техника қауіпсіздік салалық ережелері ұйым қоймаларының анықталған талаптарында және қоймадағы жұмыс кезінде қауіпсіздік еңбек шарттарын күру кезінде қарастырылады. Қүрылыс нормаларымен және ережелерімен сәйкестікте СНжЕ 2.11.01-85 «Қоймалық ғимарат» қойманың іші қүрғақ, тығыз, саңылауларсыз және тесіктерсіз орналасқан болу керек және қабырғалар, едендер, жылытылған және түзетілген тебесі болу керек. Қоймада қолданылатын механизмдер (электрокарлар, электр жуктеушілер және т.б. ), жүмыс кезінде қауіп төндірмеу керек. Қоймаларда қолданылатын нормаларға сәйкес электрлік жарықтандырулар болуы тиіс. Жүктерді тасуға және қоюға арналған өту жолдары болу керек. Сыртқы есікке қарсы орналасқан штабел арасындағы негізгі өту жолының ені 2 м кем болмау керек , ал басқа өту жолдарының ені 1 м кем болмау керек. Қоймалар қораптарды және жәшіктерді қою және орналастыру үшін кетергіш қүрылғылармен жабдықталған болу керек. Қол жүмысы кезінде қою биіктігі 3 м аспау керек, ал механизмдерді қолдану кезінде 5 м аспау керек. Жүмысшылардың штабельге көтеру, сонымен қатар оларды түсіру жұмыстары тек баспалдақпен рүқсат етіледі. Қоймадағы жүкті тиеу және түсіру жүмыстарын бақылау және басқару жауаптылығын қоймашы немесе қойма меңгерушісі жүзеге асырады. Қойма аймақтары, сонымен қатар койманың орналасқан жері өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай орналасуы керек. Қойма аймақтарында жіберілген жүктерді жабуы көрсетілген көрсеткііптер, сонымен қатар техника қауіпсіздігі бойынша плакагтар және нұсқаулар ілінген болу керек. 131
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==