Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Аяқ буындарының созылған кезінде суық басу керек және қаггы керіп бинттеу керек: аяқ тыныш жерде болу қажет. Басқа денелерді қашықтықта ұстау тәсілдерін дәрігер істеуі тиіс. Қашықтықта ұстағаннан кейін жараланған жерді йодты тұнбамен жағу керек және таңып тастау қажет. Зақымдаушыны көтеріп және қажетгі зембілге жатқызу керек. ТЕКСТИЛЬ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСПІ КӘСШОРЫНДАРЫНЫҢ АРНАЙЫ ЦЕХТАРЫНДАҒЫ ҚӘУПІСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ Қазақстан Республикасы заңының негізінде «Өндірістердің қауіпті объектісінде өнеркәсіптің қауіпсіздігі туралы» 2002 жылғы 4 ақпандағы № 314-11 және «Қондырғылар және машиналардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылгы 21 шілдедегі № 305-Ш, сонымен қатар үкімет қаулысындағы 2000 жылғы 19 мамырдағы № 764 «Өндірісті объектінің қауіпсіздік декларациясы (көрсету ережелері)» еңбекті қорғау бойынша жалпы талаптары және барлық жеңіл өнеркәсібі және текстиль кәсіпорындарының негізгі цехы үшін техника қауіпсіздігі қарастырылады: - электрқозғаушының, машинаның, механизмнің қозғалғыш бөлімдерін қоршайтын құрылғы; - жұмысшыны жұмыстың қауіпсіз қабылдауларымен оқыту; - жұмыс орнында зақымның пайда болу мүмкіндіктерін толықтай жоятын шарттарды қүру; - фабрика қоймаларында қауіпсіз жүмыстарды; - негізгі цехта желдету жұмысының тоқтаусыздығы және бар болуын; - жеңіл өнеркәсіп және текстиль кәсіпорындары үшін өндірістік санитария және техника қауіпсіздігінің ережелерімен сәйкестікте қондырғыны орналастыру; - жасанды жарықтандырудың салалық нормаларына және кәсіпорынды өнеркәсіптік жобалаудың санитарлық нормаларына сәйкестікте табиғи және жасанды жарықтандыру; - қондырғыларды түзету және қызметшіге дұрыс қызмет көрсету үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - пайдалану кезінде қызмет ету мүмкіншілігін жоғалтпау үшін көмекші және технологиялық қондырғыларды бекіту және құру. 5.1 Жабдықтардың қызмет етуі және қоршалуы Қазақстан Республикасы заңынын, негізінде «Қондырғылар және машиналардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі № 305-ИІ және өндірістік қондырғыға стандартты қауіпсіздік талаптары 12.2.123-90 ЕҚСЖ «Машиналар. Жалпы қауіпсіздік талаптары» және 12.2.138-97 128

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==