Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Өндірісте болған әрбір бақытсыз жағдай туралы бақытсыз жағдайды көзімен көрген немссе зақымданған қызметкер мыналарды орындауға міндетті жұмыс берушінің жүмысына хабарлайды: - зақымданған қызметкерге шап-шаң дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті ұйымдастыру және оны денсаулық қорғау мекемесіне жеткізу қажетті болған кезде; - бақытсыз жағдайдың болғаны туралы уәкіл етілген жүмыс берушіге немесе түлғаға хабарлау; - аппаттық жағдайдың дамуын және зақым факторының басқа тұлғаға әсерін тоқтату үшін іпүғыл шешімдерді қабылдау; - бақытсыз жағдайды зерттегенге дейін оқиға болған кезіндегі қалпын сақтау (егер бұл басқа адамдардьщ өміріне және денсаулығына қауіп төндірмесе және апатқа ұшыратпаса). Оны сақтау мүмкін болмаған жағдайда — пайда болған жағдайды жазып қою керек (схемалар, фотосуреттер және т.б.). Егер сақтандырылған жұмысшы өндірісте бақытсыз жағдайға ұшыраса, онда жұмыс беруші тәулік ішінде қызметкердің денсаулығына және өміріне зиян келтіргені үшін жүмыс берушінің азаматтық кұқықтық жауапкершілігін сақтандыруда келісім іпартқа отырған сақтандыру ұйымына хабарлау керек. Арнайы тексеруге жататындар: 1) ауыр және нәтижесінде қаза болған бақытсыз жағдайлар; 2) топтық , бір уақытта екі немесе оданда көп жұмысшы кайтыс болған кезде, зардап шегушініц алған зақымның ауырлық дәрежесіне тәуелсіз бақытсыз жағдай; 3) екі немесе оданда көп қызметкерлер уланған топтық бақытсыз жағдайда. Еңбек Кодексінің 37 бөліміне сәйкес арнайы тексеруге жататын бақытсыз жағдай болған кезде жүмыс беруші хабарлау тиіс: 1) бакытсыз жағдайдың болған орнын құқык қорғау органына; * 2) қадағалау және ведомствалық бақылау және өндірістік уәкілетті органьша. Өндірісте бақытсыз жағдайды зерттеу, арнайы тексеруге жататын, онын түскен мерзімінен бастап жиырма төрт сағат ішінде жүмыс берупіінің актісімен қүралатын комиссия арқылы өткізіледі. Комиссия құрамына кіретіндер: 1) төраға - ұйымның бастығы (өндірістік қызметтің) немесе оның орынбасары; 2) мүшелер - қауіпсіздік қызметінің бастығы және еңбекті қорғау ұйымы және қызмегкерлер окілі. Бақытсыз жағдай болған учаскіге сәйкес еңбек қауіпсіздігі ұшін жауапты, тексеру өткізу кезінде комиссия құрамына қосылмайтын лауазымды гұлға. 122
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==