Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

12.0.003-74 ЕҚСЖ стандарттарына сәйкес «Өндірістік қауіпті және зиянды факторлар. Классификация» өндірістік қауіпті және зиянды факторлар табиғи жағдайға байланысты пайда болу түрлері терт топқа бөлінеді: физикалық, химиялық, биологияцық және психофизиологиялық болып. Физикалық факторлар: Қозғалатын машиналар және механизмдер, машина мен жабдықтардың жылжымалы элементтері, бөлшектері, дайындамалар, материалдар; қоршаған ортаның шаңдануьт және газдануы; микроклимат параметрлерінің нормасынан ауытқуы; піу, ультрадыбыс, инфрадыбыстың жоғары деңгейі; дірілдің жоғары деңгейі; электрлі тоқ және статикалық электр; электр магнитгің деңгейін және электрлі құрайтын деңгейдің электромагнитті сәулеленуі; иондану сәулелері; жарықтың жетіспеуі немесе тым жоғары деңгейде болуы, инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің тым жоғары деңгейде болуы. Химиялық факторлар: жалпы улану; тітіркендіргіш; түршіктіргіш; канцерогенді; мутагенді, адамның ағзасына кері әсерін тигізуі. Биологиялык, факторлар: бул жұмысшыларға жұмыс кезінде жарақат немесе ауру туғызатын макро — және микроорганиздер. Психофизиологиялык, факторлар: физикалық шамадан тыс жүктеулер: (статикалык, динамикалық, гипостатикалық); психикалық - нерв жүйелеріне шамадан тыс жүктеулер (анализаторлар, қызу, еңбек барысында тырысу, эмоционалды жүктеулер). Өндірістегі қайғылы және апатты жағдайлар — өндірістік конструкторлар, жобалаушылар, ұйымдастырушылар мен орындаушылардың тікелей және адасушылық әрекетгсрі, технологтардың айқын шешімдерінің жеткіліксіз нәтежиелері және күрделі себепті — тергеулі оқиғалар болып табылады. Өндірістік дәл солай табиғи және тұрмыстық салалардағы қәуіп катер және зияндықтар кеңістікте және уақыт аралығында биіктеледі. Олар мүмкіндігінше адамдардан тәуелсіз пайда болады. 11

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==