Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Ереже азаматтық заңға сүйінген келісім ніарттарымен жұмыс ■угеушілердің, азаматтардың және меншіктің барлық түрлерінің ұйымдарына таралады. Белгіленген және төленген зсйнетақы сомасында зиянды төлеу Мвлшерінің төмсндеуі туралы ереже озгертілген. Зиянды төлеу шотына закымданудан кейін жәбірленушіге берілетін жалақы зиянды өтеуге кірмейді. Толық нақгы жалақыдан зейнетақыны есептеу алдын ала қарастырылған. Ең аз еңбек ақыны төлеудіц артуымен және өмір құны өсу шегімен байланысты зиянды өтеу туралы сомалар индексациясы енгізілген. Біржолғы жәрдемақыны төлеу, сонымен қатар моральдық шығынды өтеу алдын ала қарастырылған. Жұмыс беруші қызметкердің еңбекті зақымдалуына байланысты денсаулығына келтірілген зияны үшін, ұйым аймақтарында және аймақтан тыс жерлерде, сонымен қатар жұмысқа бара жатқан және жұмыстан шыққан уақыттағы жұмыс транспортында болған бақытсыз жағдайларға материалдық жауапкершілікке ие болады. Қызметкерге келтірілген зиян үшін, яғни қызметкердің еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулығына зиян келсе немесе еңбек міндсттерін атқарумен байланысты зақымдалса, онда бүл жұмыс берушінің жауаптылығының міндетті шарты болып табылады. Жумыс беруші қандай жагдайда зиян келтірілгеніне байланысты жауаптһиыққа ие болады: - егер өте қауіп - қатср негізінде зиян келтірілсе , онда жұмыс беруші оны толық көлемде толеуге міндетті , егер зиян жарақат алушының іс әрекетінен немесе ойлау қабілетінен туындағананын дәлелдей алмаса т.б. онда жұмыс бсруші мұндай жағдайда және жұмыс беруші өзінің кінәсіз екендігін дәлелдеседс толықтай жауап береді. мысалы: егер зиян кездейсоқ келтірілген болса; - егер зиян өте қауіпті болмаса, онда жұмыс беруші өзі кінәлі болған жағдайда ғана жауапты болады және егер келтірілген зиянга оның кінәсіз екендігі дәлелденсе жауаптылықтан босатылады. Жұмыс берушінің кінәсі туралы ұғым кең мағынада жұмыс беруші тарапынан еңбектің денсаулық сақтау және қауіпсіздік шарттары қамтамассыз етілмегендігімен түсіндіріледі. Егер жарақат алушының өрескел абайсыздығы салдарынан зиян туындаса немесе зиянның артуына әкеп соқса , онда өтелетін зиянның мөлшері жарақат алушының кінәсінің дәрежесіне қарай азаяды. т.б. және жүмыс беруші мен қызметкердің аралас жауаптылығын қолданумен анықталуы мүмкін. Еңбекті зақымдалуына байланысты жәбірленуші кәсіби еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесі пайыздағы еңбекті дәрігерлік , эксперттік комиссиямен анықталады. 115

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==