Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- апат кезіндегі қаіптілікпен залалды жою жэне шектеу, апат жағдайларын бағалау. Төтенше жагдай туралы ескерту жэне тарату: күнделікті қызмет тәртібі - гидрометеорологиялық, сейсмологиялық, биологиялық, химиялық, радиациялық, қалыпты өндірістік жағдайдағы жүйені жұмыс істету; - жоғары деңгейдегі дайындалу тәртібі; - төтенше жағдайдың алдын алуда оперативтік топтар құрылады. Төтенше жағдайды ұйымдастыру мен таратуды жоспарлау шараларын төтенше жағдай қызметінің басшысы өгкізеді. Қауіпті өндірістік объектілерде төтенше жағдайды үйымдастыру мен таратуды шараларын жоспарлау кезінде «Апаттық жағдайларды жою жоспары және өндірістік объектілерінің қауіпсіздік декларациясы» 2000 жылғы 19 мамырдағы №764 ҚР Үкіметінің Қаулысын оқып білу керек. Жетекшілендіру мамандарды және де қызметкерлерді дайындау, қауіпті аймақтағы төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету және алдын алу құралдарын қолдануды ҚР завдарына сәйкес үйымдастыру және өткізу керек «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы» (1996 жылғы 5 шілдедегі №19-1 ҚР Президентінің Қаулысында). Материалдық - техникалық базаны өндеуге мыналар кіреді: байланыс және басқару, жариялау жүйелерін жасау және дамыту. Алғашқы дәрігерлік көмек адам өмірін және болашақта денсаулығын қалпына келтіруде маңызды. Алғашқы дәрігерлік көмекті кез келген жұмысшы білуі керек. Сондықтан алғашқы көмек көрсету тәсілдерін оқып-үйрену керек. Зардап шеккенге көрсетілетін алгашқы көмек бірнеше сатыдан втуі керек: 1. Залал келтіретін факторды тоқтату (электр тоғы, температура, жарық, механикалқ эсер); 2. Қауіпті аймақтан қауіпсіз жерге апару; 3. Зардап шеккен адамның ауыр жағдайын, өмір мен өлім белгілерін анықтау; 4. Жарақатына, жағдайына қарай әр түрлі дәрігерлік комек көрсету; 5. Медицина қызметкерін, жедел-жэрдем шақыру, Медбикеге дейінгі алғашқы көмек корсету нәтежиелі болу үшін әр өндіріс орындарында дәрі - дэрімек, дәке т.б. қажетті затгар болуы керек және ішінде нүсқау болуы тиіс. Жарақаттанушыға алғашқы көмекті корсету алдында сол жердегі жағдайды тез бағалау керек, жарақаттанушының қауіпті факторын және ондай жағдай көмек көрсетушіге зиян келтірмейтін жағын қарастыру қажет. Жарақатгануды зақымдау факторларын туғызған тоқтату әрекеті немесе қауіпті аймақтан жарақаттанушыны қүткару міндетті жэне шапшаң 112
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==