Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
жатқызады. Жанғыш топқа өртену температурасы 61° С жоғары сүйықтықтарды жатқызады. Жанғыш затгардың ұсақ белшектерінен тұрагын шаң ауада белсенді жағдайда қауіпті жарылғыш болып келеді. Шаңды өртенудің төменгі шегінесәйкес екіге бөледі жарылғыш, өртенгіш. Өндіріс ғимараттарын және бөлмелерді ондағы өндіріс, заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі мен жарылғыш қасиеттеріне сәйкес бес категорияға бөледі (А, Б, В, Г, Д). А категориясына (жарылғыш, өртенгіш қаупі бар) жанғыш газ, 28° С дейін жеңіл жанғыш сұйықтықтары айналатын ғимараттар жатады; Б категориясына (жарылғыш, өртенгіш қаупі бар) 28° С жоғары температурада жанатын жеңіл жанғыш сұйықтықтары, жанғыш шаң мен талшықтары айналатын ғимараттарды жатқызуға болады. В категориясына (ортенгіш қаупі бар) жанғыш және қиын жанғыш заттар мен материалдары айналатын ғимараттар (жарылғыш қауіптілігі жоқ). Г категориясына ерітілген, қатқан, ыстық күйінде жанбайтын заттар мен материалдар айналатын ғимарат. Д категориясына жанбайтын заттар мен материалдар суық күйінде айналатын ғимарат. Өрт қауіпсіздігі — материалдық құндылықтарды қорғауды қамтамасыз ететін, өртгің өршу мүмкіндігін және адамдарға өрттің қауіпті факторларының әсерін шектейтін объектінің қалпы. Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу жүйесімен; өртке карсы қорғаныс жүйесімен; техникалық- үйымдастырылу шараларымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу жүйесі өрттің пайда болуын шектеуге бағытталған техникалық құралдар мен үйымдастыру шараларынан түрады. Өрттің алдын алу - жану ортасының пайда болуының алдын алу немесе жану ортасында өрттің көзінің алдын алумен жүзеге асады. Жанып жатқан ортаның пайда болуының алдын алу жанбайтын, қиын жанатын заттар мен материалдарды қолдану, жанатын заттардын көлемі мен массасын шектеу, технологиялық үрдістерді механизациялау, автоматизациалау арқылы іске асырылады. Жанып жатқан ортадаға өртенудің көзінің алдын алу қүрылғыларды, мапіиналарды, механизмдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Жанғьпп заттар мен материалдардың көлемі мен массасын шектеу, сонымен қатар неғүрлым қауіпсіз түрде орнын ауыстыру, қауіпті сұйықтықтарды апатты құрылғылармен төгу, жанғыш газды аппараттан шыгару; объектінің, коммуникацияның, ғимараттың, аппараттың аумағын шаңнан жиналған жанғыш қалдықтардан бірте-бірте тазалау; өндірістің қауіпті қалдықтарын жою; жеңіл жанатын және жанғыш сүйықтыктарды қауіпсіз техникалық жуғыш заттарға алмастыру, қауіпті заттар қолданылатын жүмыс орындарын қысқарту арқылы жүзеге асырылады.
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==