Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Электр құрылғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық шаралардан басқа, ұйымдастыру шаралары да іске асырылады, сонымен қатар: жұмыстың орындалуын бақылау, жұмыс пен демалыс тәртібін сақтау; жөн - жобаны (нұсқау) уақытында өткізіп отыру; жұмысшыларды қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. Электр қондырғаштырымен жұмыс жүргізудің шарттары құрылғыны пайдалаиу нұсқасына, салалық және сала аралық еңбекті қорғау талаптарына сай болуы керек. 3.6. Өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз ету Өрт - арнайы ошақтан тыс бағынбайтын, адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыратын және материалдық зардап тигізетін жану процессі. Жану - жанғыш заттардың жанасуы кезінде, тотықтырғыштан (әдетте ауадағы оттегінен) және тұтату көзінен пайда болатын тотығу процессі. Жарылыс - энергия бөлініп және толқын соққысы пайда болып, затты өзгеріске ұшырататын, тез өтетін химиялық реакция. Жану процессі болу үшін жану көзі, тотықтырғыпі, жанатын зат болуы керек. Жану көзі деп (лапылдау) жану процессіне әкеліп соқтыратын, жанатын затқа және тотықтырғышқа эсер етеін процессті айтады. Өндірістердің өрт жарылу қаупі заттардың және материалдардыц агрегатты қалпымен, көрсеткіштерімен анықталады. Заттардың және материалдардың өрт жарылу қаупінің керсеткіштеріне мыналар жатады: жанармай тобы, тұтанудың температурасы, лапылдаудың температурасы, өрттің таралуының жоғарғы жэне төменгі концентрациялық шегі т.б. Жану жагынан заттар мен материалдар уш топқа болінеді: - жанбайтын (өртенбейтін) - ауада жануға қабілеттілігі жоқ заттар мен материалдар. Оларға табиғи және жасанды бейорганикалық материалдар, металлдар, гипс және гипс талшықты плиталар және т.б. жатады. - қиын жанатын (қиын өртенетін) - өз еркімен жанбайтын, тек жану көзінің әсерімен жанатын заттар мен материалдар. Оларға жанатын жэне жанбайтын заттарды құрайтын материалдар (асфальт бетон, битум байлансты минералматериалды плиталар, цементгі фибролит, полимерлі материалдар, пенопласт жэне т.б.) - жанатын (өртенетін) - өзімен өзі жануға қабілетті, жану көзінен жэне оны тоқтатқаннан кейін де жана беретін заттар мен материалдар. Оларға барлық органикалық заттар жатады. Бұл топка қысқа мерзімді жану көзінен (сіріңкенің жануы, ұшқын, темекінің шоғы т.б.) өртенуге қабілетті заттар мен материалдарды жатқызуға болады. Жеңіл өртенетіндерге жабық оқбақырда лапылдау температурасы 61° С аспайтын сұйықтықтарды 108

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==