Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

мүмкін. Қажет болған жағдайларда Кеңес жабық отырыстар өткі- зуге құқылы. Кеңес материалдарды олар келіп түскен күннен бас- тап үш ай мерзімнен кешіктірмей қарап, қарау нәтижелері туралы өтініш иесін міндетті түрде хабардар етеді. Кеңес шешімдері жазбаша нысанда баяндалады және олар- дың шығарылған күні мен орны, мәселені қараған кеңестің кура ­ ми, қабылданған шешімнің уәждері қамтылуға тиіс. Шешімдерге төрағалық етуші мен Кеңес хатшысы қол қояды. Кеңес мүшесі қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда Кеңес отырысы- ның хаттамасына коса гіркелетін ерекше пікірін жазбаша баян- дауға қүқылы. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің даусы шешуші дауыс болып табылады. Судьялыкка кандидаттардың білім деңгейін айқындау үшін олардан біліктілік емтиханын қабылдауды Кеңес жанындагы Бі- ліктілік комиссиясы жүзеге асырады. Комиссияның құрамына: Кеңес тағайындайтын Комиссия тө- рағасы және қүқық оқытушыларының, заңгер-ғалымдардьщ ара- сынан бес маман; Сот алқасы өз қүрамынан ротациялық негізде жіберетін үш судья кіреді. Комиссия төрағасы және мүшелері оның қүрамына екі жыл мерзімге тағайындалады немесе жіберіледі. Комиссия біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі өзінің отырыстарын қажетті- лігіне қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет өткізеді. Комиссия- ның біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырыстары ашық және жария түрде өткізіледі. Кеңестің жергілікгі және басқа соттың судьясы лауазымына та- ғайындау туралы ұсынымы конкурстық қараудың нәтижелері бо- йынша беріледі. Конкурс жариялау туралы шешімді Кеңес Төра- ғасы қабылдайды. Жоғарғы Соттың, жергілікгі және басқа соттар- дың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның Кеңес Төрағасына енгізген судьяның бос лауазымының ашылғаны туралы ұсынысы кеңестің конкурсты жариялауы ұніін негіз болып табылады. Кеңестің жергілікті және басқа соттың судьясы бос лауазымы ­ на орналасуға конкурс туралы хабарландыруын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың қызметін үйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкі- летті орган Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тарала- 93

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==