Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары төраға- ларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды; жергілікті және басқа соттар төрағалары мен сот алқалары тө- рағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Рес- публикасының Президентіне ұсынады; 4) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатураны қарай- ды; Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатты Парла ­ мент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне үсынады; 5) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатура ­ ны қарайды; Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына үсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады; 6) Жоғарғы Сот Төрағасының, сот алқалары төрағалары мен судьяларының, жергілікті және баска соттар төрағалары- ның, сот алқалары төрағалары мен судьяларының өкілет- тіктерін тоқтату мәселелерін орнынан түсу, орнынан тү- суді тоқтату нысанында қарайды; сот қайта үйымдасты- рылған, таратылған, тиісті сот судьяларының саны азайт- ылған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың судьялары басқа соттағы судьяның бос лауазымына орна- ласуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауазымдары- нан босату мәселелерін карайды; сот қайта ұйымдастырылған, таратылған, өкілеттіктер мерзі- мі аяқталған жағдайларда, егер жергілікті және басқа соттардың төрағалары, сот алқаларының терағалары басқа соттағы судья- ның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқара- тын лауазымдарынан босату мәселелерін қарайды; Жоғарғы Сот судьяларының саны азайтылған жағдайларда, егер Жоғарғы Соттың судьялары баска соттағы судьяның бос лауазымына орналасуға келісім бермесе, оларды атқаратын лауа ­ зымдарынан босату мәселелерін қарайды; 89

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==