Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары
1-тарау «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ» пәнінің ұғымы мен мақсаты 1.1. Сот және құқық қорғау қызметі. Олардың ұғымы, негізгі белгілері мен міндеттері Қазақстанның өзін құқықтық, демократиялық мемлекеттер қа- тарына жатқызатындығы, адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандығын аса жоғары құндылық деп санайтындығы, демокра- тиялық принциптер мсн жалпы адамзат құндылықтарын мойын- дайтындығы біздің еліміздің Ата заңында жарияланған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық-кұқықтык актілердің не- гізгі ережелері мен адам кұкығын қорғаудың көпшілік мойындаған құқықгық стандарттары ұлттық заңнамада едәуір орын алды. Мы- салы, 1995 жылғы Конституция адам және азамат құқығы мен бос- тандығына өзінше бөлек тарау арнаған. Адам құқығы мен бостан- дығын қамтамасыз ету мақсатында азаматгардың құқықтарына, бостандығы мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық акті- лерді, оларды қолданудың міндетті шарты ретінде ресми жариялау туралы конституциялық норма қабылданды. Сонымен қатар, бұл талапты бақылаудың тетігі ретінде оны тіркеу қарастырылды. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Адам құқы- ғының Жалпыға бірдей Декларациясында (1948 ж.) баяндалған ұсыныстарды мойындады. Сонымен қатар, республика біркатар халықаралық конвенцияларды, олардың ішінде Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пакт пен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық Пакт (1966 ж.) сияқты көпшілік мойындаған шарттарды бекітіп, оған завды күш берді. Адам құқығы мен бостандығын аса жоғары құндылық деп жа риялау, ал адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті деп тану Республика 8
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==