Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

6-тарау СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДЫҚ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ- ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ОРГАНДАР 6.1. Жоғарғы Соттық Кеңес Қоғамымызда судьялар корпусын қалыптастыруда Жоғар- ғы Соттық Кеңестің атқарар рөлі зор. Қазақстан Республикасы- ның Жоғары Сот Кеңесі - соттарды қалыптастыру, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілет- тіктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын мекеме. Жоғары Сот кеңесінің мәртебесі және жұмыс ұйымы «Қазақстан Респуб- ликасының Жоғары Сот кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы- ның заңына сәйкес анықталған. Жоғарғы Соттық кеңес Қазақстан Республикасының Прези ­ дент тағайындайтын және босататын Төрағадан, хатшыдан және басқа мүшелерден тұрады. Қазақстан Республикасының Консти- туциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялар мәртебесін анықтайтын Конституциялық заң, 2008 жылғы 17 қа- рашада «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соттық кеңесі ту ­ ралы» заң және басқа нормативтік қүқықтық актілер кеңес қызме- тінің құқықтық негізі болып табылады. Жогаргы Соттық кеңес: 1) судьялардың тәуелсіздігі мен қолсүғылмаушылығы кепіл- діктерін қамтамасыз етеді; 2) конкурстық негізде жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына кандидатты іріктеуді жүзеге асырады; конкурстың қорытындылары бойынша жергілікті және бас ­ ка сот судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидатты Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады; 88

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==