Кемали, Е.С. Қазақстан Республикасының сот және құқық қорғау органдары

белгілейді. Ол судьялардың заңдар мен Судья әдебі кодексінің та- лаптарын сактауын бақылайды. Сот жүйесінде судьялардың тәртіптік жауапкершілігі мәселе- сін қарайтын, кәсіби жарамдылығын анықтайтын және судьяның доғарысқа шығу қүқығын растайтын тәуелсіз алқалы орган - сот алқасы теріс қылық жасаудан сақтау, судьялар корпусын судья бо- луға лайықсыз адамдардан босату қызметін атқарып келеді. Со- нымен бірге соттың тәртіптік жүйесі судьялардың әділдігін, тиім- ді әрі тәуелсіз сот билігін қамтамасыз етеді. 5.3. Қазақстан Республикасы судьяларының одағы Судьялар бірлестігінің ортақ мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында судьялар қоғамдық бірлестік қүруға қүқылы. Судьялар бірлестігі қажет болған жағдайда заңмен белгіленген тәртіп бойынша өз мүшелерінің мүдделерін білдіреді және қор- ғайды. Сонымен қатар, олар сот төрелігін жүргізуге ықпалын ти- гізе алмайды, саяси мақсат үстанбайды. Сот бірлестігі органда- рының қызметі бүл ұйымдар қабылдайтын актілермен реттеледі. Қазақстан Республикасы судьяларының одағы республикалық мәртебесі бар қоғамдық бірлестік формасындағы коммерциялық емес ұйым, оны Қазакстан Республикасының азаматтары күрады, ол Қазақстан Республикасы судьялар одағының республикалық қоғамдық бірлестігінің ортак мүдделерін іске асыруды және қор- ғауды мақсат тұтады. Одақтың мақсаттары мен міндеттері мыналар: судьялар бірлестігінің маңызды күқықтық проблемаларды шешудегі позициясын анықтау; соттар жүмысының және судьялар мәртебесінің өзекті проб- лемаларын қарау; судьялардың ғылыми-практикалық конференцияларын өткізу және оларға қатысу; соттар тәуелсіздігін күшейтуге, сот билігін нығайтуға, судья- лардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу; мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерде судьялар- дың мүдделерін білдіру; сот практикары және заңдарды жетілдіру мәселелерін талкы- лауға қатысу; 86

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==